Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Куштеріне, баска әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери кызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери кызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына және Қостанай облысы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери кұрылымдарына 2007 жылы сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 171 каулысы негізінде (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2007 жылғы 20 сәуіріндегі нөмірі 3569 болып тіркелген) Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысының талаптарына сәйкес 1989 жылы туған және одан ересек жастағы әскерге шақырылуды кешеуілдете тұратын құқығынан айырылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери кызметке кезекті шакыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыруды өткізу кезеңінде қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының құрамы құрылсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Д.С. Айсин келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясына шақырылушылардың келу кестесі құрылсын, Костанай ауданы әкімімен бекітілсін және оны орындаушыларға жеткізсін;
Тармақша 2
2) жеке автокөлігімен жүргізушіні және техникалық қызметшілерді уақытша жұмысқа қабылдау;
Тармақша 3
3) медициналық комиссияны қажетті медициналық құрал-жабдыктармен, мүліктермен жабдықтау.
Тармақ 4
4. «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Е.Н. Савин келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) келу кестесіне сәйкес азаматтарды медициналык куәландырудан өткізу үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің болуын;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін саны 10 керует орындарды;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеруге және емделуге жолданылған шақырылушыларды бақылауды;
Тармақ 5
5. Селолық округтер, селолар, Затобол кенті әкімдері шақыруды өткізу кезенінде ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) келу кестесіне сәйкес шақырылушыларды «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне дер кезінде хабарландыру және келуді;
Тармақша 2
2) қосымша медициналық тексеруге жіберілген шақырылушыларды бақылауды.
Тармақ 6
6. «Костанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Н.Т. Дүскенов келісім бойынша) шақыруды өткізу кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) медициналық тексеруден және мерзімді әскери қызметіне шақырылудан бас тартқан тұлғаларды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) медициналық және шақыру комиссияларды өту кезеңінде шақырушылардың арасында қоғамдык тәртіпті қолдану үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу.
Тармақ 7
7. Шақыру және медициналық тексеру комиссиясының жұмысына қатыстырылатын мамандарға тұрақты жұмыс орындарында орташа айлық жалақылары сақталсын.
Тармақ 8
8. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2007 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу және ұйымдастыру бойынша іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Қостанай ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақырү жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 283 қаулысы күшін жойды деп танылсын нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2006 жылғы 4 мамырдағы нөмірі 9-14-34 болып тіркелген).
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінін орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күнінен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 22. Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы
Әкімдіктің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 227 қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы Айсин Дархан Сұлтанбекұлы - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Сүйінова Әсел Шахатқызы - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мушелері: Жақыпов Марат Жумағалиұлы - Қостанай ауданының, ішкі істер бөлімі» мемлекеттік меісемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Малык Татьяна Александровна - Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көз дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Ақмұрзина Күләш Аймұханқызы - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммұналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша) Резерв құрамы: Никифоров Сергей Геннадьевич - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Ильминская Вера Яковлевна - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Ақанбетов Серік Жаңбырұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі штабының бастығы (келісім бойынша) Карагодина Вера Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Шерер Зинаида Федоровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)