Қолданыстағы ред. 20.04.2007

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы от 20.04.2007 г. № 119 (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы)

0

Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери
құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың
сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында
кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" № 171 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде 2007 жылғы 20 сәуірде № 3569 болып тіркелген) қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.

2

2. Аманкелді аудандық шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шақырылуға құқығы жоқ, босатылған, не мерзімі ұзартылған азаматтардан басқа, 18-27 жас аралығындағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке 2007 жылғы сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында шақыру жүргізілуі қамтамасыз етілсін.

3

3. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері:

1

1) әскерге шақырылған азаматтардың аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларға дер кезінде келулері, оларды хабарландыру және ұйымдасқан түрде комиссиядан өтуі, шақырудан бой тасалауды болдырмау шаралары қамтамасыз етілсін;

2

2) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын.

4

4. "Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):

1

1) аудандық медициналық комиссияны жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құрал-жабдықтармен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен толық жабдықтау жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылсын, Аманкелді аудандық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандар бөлінсін;

2

2) "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырушыларды алдын-ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссия құрамындағы дәрігер-мамандардың еңбек ақысын аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмыс ұйымдастырылсын;

3

3) "Аманкелді ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып қызмет көрсететін персоналдың, медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті саны қамтамасыз етілсін.

5

5. "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

1

1) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес әскерге шақырылушыларды тасымалдау қамтамасыз етілсін;

2

2) әскерге шақырылушыларды әскери-спорт жиындары, соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізу сияқты көпшілік шаралармен қамту жүзеге асырылсын.

6

6. "Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

1

1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және жеткізу жөніндегі шығындар осы кісілердің есебінен өтелінсін;

2

2) аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерін шығарып салуға бөліп отыру қамтамасыз етілсін.

7

7. "Аманкелді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
"Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінің бөлмелерінің санитарлық нормаларға сәйкес болуын қадағалау ұсынылсын.

8

8. "Аманкелді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
ауданның көркемөнерпаздары мен творчестволық ұжымдар мүшелерінің күшімен әскер қатарына шақырылған азаматтарды әскери қызметке салтанатты шығарып салу шаралары ұйымдастырылсын.

9

9. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

1

1) әскерге шақыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жоспарындағы қаражат және 2007 жылдың жергілікті бюджетінде қаралған шығыс қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

10

10. Орындалған жұмыс туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2007 жылғы 29 маусымға және 25 желтоқсанына дейін берілсін.

11

11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

12

12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Дауылбайға жүктелсін.

23. Аманкелді аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Аманкелді ауданы әкімдігінің
20 сәуір 2007 жылғы
№ 119 қаулысына
қосымша
Аманкелді аудандық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Тлегенов Арман Сапабекұлы
- "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Медет Рақымжан Елеусізұлы
- Аманкелді ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, төрағаның орынбасары
Давлетов Есім Садықұлы
- "Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мүшесі (келісім бойынша)
Қойшығұлов Қанат Молдашұлы
- Дәрігер-фтизиатор, медициналық комиссияның төрағасы, мүшесі (келісім бойынша)
Ержанова Гуля Төлегенқызы
- Медбике, мүшесі (келісім бойынша)