О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
Аудан аумағында 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында әскери қызметке азаматтарды мерзімді шақыруды өткізу туралы
«Казақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі Заңының 19-бабы 3-тармағына, 20 -бабы 1-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының қорғаңыс істері жөніндегі бөлім арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейіңгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдын, сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әсқери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыруды жүргізу үшін аудандық шақырту комиссиясы және № 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақырту комиссиясының резервтегі құрамы құрылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық емханасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігерінің міндеттерін атқарушы Л.В. Житенкоға:
шақырылушыларды және әскери оқу мекемелеріне түсетін кандидаттарды медициналық куәландіру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлер және қажетті көлемде орта медициналық персоналдар бөлінсін;
шақырылушыларды стационарлық тексеру үшін аудандық аурухаңада орын бөлу қарастырылсын;
шақырту комиссиясы қажетті медициналық жабдықтармең және құралдармен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Ауданның қаржы бөлімінің бастығына қорғаныс істері жөншдегі бөліміне шақыртуды жургізуге бөлінген қаржы шегінде уақытында қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ауданның ішкі істер бөлімінің бастығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысымен бекітілген әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесіне сәйкес себепсіз шақырту комиссиясына келмегендерді іздестіруді және жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Селолық округтердің әкімдеріне шақырылушылардың шақырту комиссиясына келуін және облыстық жинау пункітіне шақырту қағаздарында көрсетілген уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ж.М. Кеженевке:
шақыруды өткізу кестесі әзірленсін және бекітуге ұсынылсын;
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27- және 28- баптарына сәйкес кейінге қалдыру және босату жөнінде шешімі заңды түрде қабылдауды қамтамасыз етілсін;
шақырудың аякталғанын және оның қорытындысы жөніндегі акпарат аудан әкіміне ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Шақырту комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сонымен қатар қызмет көрсететін персоналдардың жұмыс орны, кызметі және еңбек ақысы сақталады.
Тармақ 9
9. Қорғаныс істері жөніңдегі бөлімінің бастығына шақырылушыларды шақырту пункітіне және облыстық жинау пункітіне жеткізу үшін № 2 қосымшага сәйкес автобус жүргізушісі қатыстырылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Қ. Женапиновке жүктелсін.
Тармақ 11
11. «1979-1988 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 78 (тіркеу нөмірі 2006 жылғы 4 мамыр 13-7-35, «Ауыл арайы-Сельская новь» 2006 жылғы 12 мамыр № 22, 2006 жылғы 19 мамыр № 23) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 12
12. Қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық
емханасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорынның
бас дәрігерінің міндеттерін атқарушы
Л.В. Житенко
Жамбыл аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
Ж.Кеженев
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
А.Құтұшев
Басқа 13. Аудандық комиссия мүшелерінің құрамы
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 19 сәуірдегі № 103
қаулысына 1 қосымша
Аудандық комиссия мүшелерінің құрамы
Кеженев Жамбыл Маратұлы - қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Асаинов Руслан Бижанұлы - бас маман-аудан әкімі орынбасарының көмекшісі
Темірбеков Қайрат Сабырұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің қызмет жөнінен орынбасары
Смольяков Александр Викторович – оториноларинголог дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы
Нұртазина Гүлнәр Баймолдақызы - аудандық орталык аурухананың салауатты өмір салты жөнінен медбибі комиссия хатшысы
Аудандық шақырту комиссиясының резервтегі құрамы
Радченко Юрий Иванович – Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскери қызметке келісім-шарт және шақырту бойынша жинау бөлімшесінің бастығы
Омаров Ақжайық Төлегенұлы – аудан әкімінің құқық мәселесі жөніндегі кеңесшісі, комиссия төрағасының орынбасары
Жанбылов Нұрлан Қайроллаұлы – Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары
Житенко Людмила Васильевна - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық емханасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігерінің міндеттерін атқарушы
Карпенко Светлана Сергеевна – аудандық орталық аурухананың медбибісі, комиссия хатшысы
Басқа 14. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшін бөлімге тартылған автобус жүргізушінің
ТІЗІМІ
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 19 сәуірдегі № 103
қаулысына 2 қосымша
Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшін бөлімге тартылған автобус жүргізушінің
ТІЗІМІ
№
Атауы
Адамның саны
Кәсіпорынның атауы
1
Автобус жүргізуші
1
Еңбек рыногі