Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 171 қаулысын (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3569) орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған он сегізден жиырма жетіге дейінгі жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өткізілуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы Қарасу мен Октябрь ауылдарының шақыру пунктерінде 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды уақытында құлактандыруды және олардың «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсеткен мезгіліне шақыру учаскелеріне жетуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды құлақтандыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру пунктіне, облыстық жинақтау пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық бюджеттің есебінен қарастырылған қаражаттар шегінде жүргізілсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру учаскелеріне жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкелердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 4
4. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Шелудько Н.Ф.) (келісім бойынша) және «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» (Сейілов Қ.Ө.) (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына мыналар ұсыныс етілсін:
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларын дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюоропленкалар мен химиялық реактивтермен жиынтықтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Шаманаев И.Г.) (келісім бойынша) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырылушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және аудандық медициналық комиссиялардың дәрігер-мамандарының еңбек ақысын қарастырылған қаржы бөлімге сәйкес толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Шақыруды сапалы және ұйымдастырылған түрде өткізу үшін мемлекеттік мекемелер 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлерді берсін.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шаманаев И.Г.) (келісім бойынша) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес әскерге шақырылушыларды уақытында құлақтандыруға және облыстық жинақтау пунктіне облыстық медициналық комиссиясынан өту үшін шақырылушыларды жеткізуге, құрамы жастармен толықтырылған командаларды Қостанай қаласына жөнелтуге көлік құралдарын бөліп, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектілермен шарттар жасуға ұсыныс етілсін.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ыбраев Ж.А.) (келісім бойынша) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде мыналарды жасауға ұсыныс етілсін:
Тармақша 1
1) өз шеңберінің шегінде әскери қызметтен жалтарып жүргендерді іздестіру мен ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) шақыру пунктерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін полиция нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бухаленко Е.И.) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлімдер есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 143 қаулының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-09, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 2 маусымдағы № 17), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қазандағы № 252 қаулының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-21, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 38) күштері жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. Аудандық шақыру комиссияның ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 48 қаулысына 1-қосымша Аудандық шақыру комиссияның ҚҰРАМЫ Шаманаев Игорь Геннадьевич - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Бойко Юлия Николаевна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссиясы төрағасының орынбасары Байжанов Жәнібек Бекқожинұлы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Шелудько Николай Федорович - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (Қарасу ауылы) (келісім бойынша) Журавлева Зоя Владимировна - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді теру және шақыру бөлімшесі бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Тортаев Ерлан Боқанұлы - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, жұмылдыру 1-бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Якимова Татьяна Ивановна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Рахметжанов Қанат Серікұлы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Сейілов Қуат Өмірұлы - «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бас дәрігерінің міндетін атқарушысы, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Қотырова Раушан Ғұсманқызы - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медициналық бибисі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 22. Әскерге шақыру мерзімінде мекемелер мен ұйымдардың техникалық жұмыскерлерді беру тізімі
Әкімдіктің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 48 қаулысына 2-қосымша Әскерге шақыру мерзімінде мекемелер мен ұйымдардың техникалық жұмыскерлерді беру тізімі Р/с № Мекемелердің атауы Адамдар саны Мерзімдер 1 Қостанай облысы Білім беру департаменті «Қарасу кәсіптік мектебі» мемлекеттік мекемесі 1 2007 жылғы 2 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін 2 «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 2007 жылғы 1 мамырдан бастап 31 мамырға дейін 3 «Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 2007 жылғы 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін 4 «Қарасу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 1 2007 жылғы 1 қазаннан бастап 31 қазанға дейін 5 «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 2007 жылғы 1 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін 6 «Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 28 желтоқсанға дейін