Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в мае-июне, октябре-декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери кұрылымдарына 2007 жылдың мамыр-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 -бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың мамыр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және 1989 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар шақырудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағыларды 2007 жылдың мамыр-маусымында, қазан- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округтері әкімдері:
Тармақша 1
1) Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының бұйрығында және дербес шақыру қағазында көрсетілгендей шақырылушыларды шақыру участкесіне өкілдердің ертіп келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияға шақырылған шақырылушыларды Арқалық каласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының бұйрығында және жаднамаларында көрсетілгендей оларды шақыру уақытында жұмыстан және оқудан босатып, барлық құжаттармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыру учаскесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін 2007 жылғы 1 мамырдан 30 маусымға, 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге оқу орындарынан техникалық қызметкерлерді бөлсін (2-қосымша).
Тармақ 5
5. Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жұмысқа жіберілген шақыру комиссиясы мүшелері мен техникалық қызметкерлер және қызмет көрсететін тұлғалар үшін, осы азаматтарды жіберген ұйымдарда еңбек ақысы, жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери қызметтерін өтеу үшін жіберілген шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды құлақтандыру және іздестіру тобын құрсын.
Тармақ 7
7. «Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру және ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) қалалық шақыру пунктінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен Қостанай қаласының жинақтау пунктіне жіберу кезінде Арқалық қаласы станциясында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) шақырылушыларды құлақтандыру және іздестіру тобын нығайту үшін кесте бойынша күн сайын полиция қызметкерлерін бөлсін;
Тармақша 5
5) әскер қатарына шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізуге Арқалық қаласынан Қостанай қаласына апарып, алып келу үшін полиция қызметкерін бөлсін.
Тармақ 8
8. «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кетекшісі (Ю.Л. Устинова) шақыру және әскерге жөнелтуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды 2007 жылғы бюджетте қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2007 жылғы 1 шілдеге дейін, 2008 жылдың 3 қаңтарына дейін берілсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы жарияланған күннен он күнтізбелі күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
Басқа 21. Қалалық шақыру комиссиясының Қ¥РАМЫ
Арқалық қаласы әкімдігінің 2007 жылғы «30» сәуірдегі қаулысына 1-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының Қ¥РАМЫ
Өтебасов Өркен Кәрібайұлы - «Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлы
-«Арқалық қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Шақыру комиссиясының мүшелері:
Котова Лариса Васильевна - «Арқалық аумақтық емхана» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігер- терапевті, медициналық комисия төрайымы
Кәкенов Тлекғабыл Кәкенұлы
- «Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Джапбасова Күлзинат Нұржақыпқызы - «Арқалық аумақтық емхана» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы,
Басқа 22. Шақыру учаскесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін 2007 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға, 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінғі аралықта кезеңге техникалық қызметкерлерді бөлетін оқу орындарының
ТI3IМI:
Арқалық қаласы әкімдігінің 2007 жылғы «30» сәуірдегі № 234 қаулысына 2-қосымша
Шақыру учаскесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін 2007 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға, 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінғі аралықта кезеңге техникалық қызметкерлерді бөлетін оқу орындарының
ТI3IМI:
1 сәуірден 30 сәуірге дейін
1 қазаннан 31 қазанға дейін
«Арқалық қаласы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
«Арқалық қаласы білім бөлімінің экономикалық білім беретін лицейлік сыныптары бар № 2 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
«Арқалық қаласы білім бөлімінің Б. Майлин атындагы № 3 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
1мамырдан 31 мамырға дейін 1 қарашадан 30 қарашаға дейін
«Арқалық қаласы білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім
беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
«Арқалық қаласы білім бөлімінің М. Әуезов атындағы № 5
жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік
мекемесі - 1 адам
«Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы
№ 6 жалпы орта білім беретін профилді мектебі» мемлекеттік
мекемесі - 1 адам
1 маусымнан 30 маусымға дейін
1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін
«Арқалық қаласы білім бөлімінің № 8 жалпы орта білім
беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
«Арқалық қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы орта білім
беретін профилді мектебі» мемлекеттік мекемесі - 1 адам
«Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған көп салалы жалпы орта білім
беретін гимназия» мемлекеттік мекемесі - 1 адам