«Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и в октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери-құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Казақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20-баптарына, Казақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 171 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери кұрылымдарына азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (2007 жылғы 20 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3569) қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Қ.Шалтықовқа шақыру комиссияларынын жұмысын ұйымдастыру және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға қүқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және үйымдастыруды бақылау үшін қосымшаға сәйкес құрамда калалық шақыру комиссиясы кұрылсын.
Тармақ 3
3. "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Н.И.Губенкоға, "Рудный қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері М.М.Ахметовке, "Рудный қалалық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері А.И.Кравченкоға, "Рудный қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Е.Қ.Данияровқа, "Рудный туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Қ.Ж. Міржақыповқа:
Тармақша 1
1) қосымша тексеруге жіберілген әскерге шақырылушыларды стационарлық тексерістен өткізу үшін қажетті емделетін орын санын бөлу;
Тармақша 2
2) тексерістен және хирургиялық әрекеттен өту үшін шақыру комиссиясы жіберген әскерге шақырылушыларды кезектен тыс қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Қ.Шалтықовқа:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Г.Башковпен бірлесіп әскерге шақырылушыларды іздестіру және шақыру комиссиясынан өту үшін "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жеткізу жөніндегі шүғыл топты құру;
Тармақша 2
2) іздеу тобын автомобиль көлігімен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласының облыстық жинақтау пунктіне тасымалдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың басшыларына:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылар туралы қажетті мәліметтерді уақтылы ұсыну, сондай-ақ оларды "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемелкеттік мекемесіне шақыру туралы хабарлау және олардың шақыру комиссиясынан оту және әскерге жіберу үшін келулерін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды іссапараларынан және демалыстарынан шақыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қашар поселкесінің әкімі С.П.Прокопьев және Горняцк поселкесінің әкімі Қ.С.Қанешов жұмыс берушілерді қатыстыра отырып, әскерге шақырылушыларға хабарлауды ұйымдастырсын, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың шақыру учаскесіне уақтылы келуін қамтамасыз етсін және шақыру комиссиясы медиңиналық тексеру үшін жіберген әскерге шақырылушыларды бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер болімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Г.Башковқа шақыруды өткізу және командаларды жіберу кезеңінде мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздеуді және ұстауды жүргізу ұсынылсын. Ұсталғандарды іздеу және жеткізу жөніндегі шыгыстарды төлеу сол тұлгалардың есебінен жүргізілсін.
Тармақ 8
8. "Рудный қалалық мәдениет және тіл дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы И.И.Лисицына әскери қызметтен өту үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Шақыруды хабарлау, өткізу, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ техникалық жұмыскерлердің жалақысы қалалық бюджеттің қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиіс әскерге шақырылушыларға хабарлауды толық қамту үшін "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Ә.Досболов шақыру учаскесін пты адамнан тұратын техникалық жұмыскерлермен жасақтау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Қ.Шалтықовқа жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты 2007 жылғы 10 шілдеге қарай және 2008 жылғы 10 қаңтарға қарай Рудный каласы әкімінің аппаратына беру ұсынылсын.
Тармақ 12
12. Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 400 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және камтамасыз ету туралы" (2006 жылғы 29 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-50, 2006 жылғы 14 маусымда "Рудненский рабочий" газетінде № 48 болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 22
Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 420 қаулысына қосымша Шақыру комиссиясының негізгі құрамы: Шалтықов Ғиззат Қабылқайұлы «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Лебедева Ольга Николаевна Рудный қаласы әкімиятының «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Зимина Маргарита Ивановна «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі болімі» мемлекеттік мекемесінің есепші жұмыскері, комиссия хатшысы (келісім бойынша); Шақыру комиссиясының мүшелері: Брышев Серікбай Амангелдіұлы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Редькин Геннадий Николаевич «Рудный қаласының қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-хирургы, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша); Шақыру комиссиясының резервтік құрамы: Кибеков Азамат Ысқақұлы «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақырылушыларды келісім-шарт бойынша жинау және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Каунова Валентина Петровна Рудный қаласы әкімдігіның «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Шақыру комиссиясының мүшелері: Мұсаханов Марат Торғайұлы «Рудный қаласының қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-хирургы, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша); Ойықбай Мақсат Әзімбекұлы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қаласы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік -мекемесі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы(келісім бойынша).