Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасының негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстаң Республикасының азаматтарың 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығын және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарға кезекті шақыру жүргізуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 171 қаулысын орындауда Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. «Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) кезекті шақыруды өткізу үшін аудандық медициналық комиссияны дәрігер мамандармен толықтырсын;
Тармақша 2
2) 2007 жылдың 1 сәуірінен шақырылуға тиісті шақырылушылардың сапалы қабылдауын, анализдерінің қорытындыларын өңдеуін және беруін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) шақырылушылардың тексеруін және емдеуін өткізу үшін 10 төсек орын бөлсін, тексеру және емдеу актілерін Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 3 күндік мерзімде тапсырсын;
Тармақша 4
4) шақыру пунктін қажетті мүлік, дәрі-дәрмек, құрал-саймандармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеткізуіне жәрдем етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясының жұмыс істеу кезеңіне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жөнелту күндерінде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес полиция нарядын бөлсін.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтердің және Сарыкөл кентінің әкімдері әскерге шақырылушыларды комиссияға келу және жиналу пунктіне жіберу үшін уақытында және толық хабарландыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Ауданның кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер бастықтарына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жөнелтуге шақыру қағазын алған шақырылушылармен уақытында есеп айырсын;
Тармақша 2
2) қажетті анықтамалар мен мінездемелер беруі не кедергі жасамасын;
Тармақша 3
3) мүмкіндігінше шақырылушылардың салтанатты шығарып салуын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетінде ескерілген мөлшерде «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша белгіленген мерзімде шақырудың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 160 қаулысының күші жойылды деп есептелсін (2006 жылғы 12 мамырдан мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-27, 2006 жылғы 30 маусымда «Сарыкөл» газетінің 28 нөмірінде жарияланған).
Тармақ 9
9. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аралығында өз күшіне енеді.
Тармақ 10
10. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсін.
Басқа 20. Шақыру комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Сарыкөл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
№ 184 қаулысына
қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Вячеслав Владимирович Слободюк - «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы
Әмірхан Біркенұлы Асанов - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Евгений Николаевич Ткаченко - дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы
Александр Борисович Мукабенов - «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Гүлмира Ербатырқызы Байбосынова - шақыру комиссияның хатшысы