Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтардың кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 200 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер ң запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 171 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтардың кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының орындалуына, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру, медициналық комиссиялар және шақыру комиссияға келмеген әскерге шақырылғандарды іздеуге салу тобының жұмысы ұйымдастырылсын; он сегіз жасынан жиырма жеті жасына дейін, шақырудан босатылған немесе мәулетке құқығы жоқ ер адам азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан бөліктелген, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру жөнінде әскери қызметінің белгіленген мерзімді қызмет істемеген азаматтарды жедел әскери қызметке кезекті шақырылуының 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Кентік және селолық округ әкімдеріне, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына 1989 жылы туған, әскерге шақыру кезеңіне 18 жасқа толғандары, сондай-ақ жоғары жастағы, шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың жедел әскери қызметке кезекті шақыруын өткізу бойынша жұмысы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери кызметті өтеу үшін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскери мен әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылғандары салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шаралары ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. "Қарабалық орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігеріне (келісім бойынша) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюрографиялық пленкалар және химиялық реактивтермен, жинақтау жөніндегі жұмыстың ұйымдастыруы ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) 2 адам санында техникалық қызметкерлерді әскерге шақырылғандардың жеке істерін ресімдеу жөнінде жұмысына тарту;
Тармақша 2
2) облыстық жиналмалы орнына әскерге шақырушыларды тасымалдауы қамтамасыз етілсін, әскери шақыру кезінде тасымалданғардардың нақты саны туралы тапсырыстар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 7
7. "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыру ж;не командаларды жөнелту кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жедел әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін, ұстағандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы кісілердің есебінен жүргізілсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет ету үшін команданы жіберу мерзіміне полицияның наряды бөліп шығарылсын.
Тармақ 8
8. "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыру ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру әскери қызметке қосып жазу және шақыруды қамтамасыз етуде қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 9
9. Істелген жұмысы бойынша ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2007 жылдың 6 шілдеге және 2008 жылдың 6 қаңтарына дейін ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 154 қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы