Ауданның елді мекендерінде орналасқан базар, жанар-жағар май сатушы, автотұрақтар орналасқан телімдер мен санитарлық қорғаушы аймақтары алып жатқан жерлерге, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын жер салығы мөлшерін 2007 жылға белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауданның елді мекендерінде орналасқан базар,
жанар-жағар май сатушы, автотұрақтар орналасқан
телімдер мен санитарлық қорғаушы аймақтары
алып жатқан жерлерге, елді мекендерден тыс орналасқан
өнеркәсіп жерлеріне салынатын жер салығы мөлшерін
2007 жылға белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 338-бабы 1-тармағы негізінде аудандық салық комитетінің 2006 жылғы 31 қазандағы №1148 санды ұсынысын қарай келіп, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІІ санды заңының 337-бабы 1-ші және 2-ші бөліктері негізінде ауданның елді мекендерінде орналасқан базар, жанар-жағар май сатушы, автотұрақтар орналасқан телімдер мен санитарлық қорғаушы аймақтары алып жатқан жерлерге салық ставкасы 10 есеге өсірілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 332-бабындағы Елді мекендердің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда салынатын базалық салық ставкасы, 334-бабындағы Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкасы 50 пайызға өсірілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жер қатынастары бөліміне (А.Амиров) аталған жерлерге орналасқан жеке және заңды тұлғалардың жер көлемдері туралы мәліметті әр айдың 5-не дейін салық комитетіне беріп отыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың Бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Зайдуллин) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 28 ақпандағы №174-ІІІ (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4-4-44 реестірмен 2006 жылы 19 наурызда енгізілген) және 2006 жылғы 19 желтоқсандағы №229-ІІІ шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 6
2007 жылғы 16 сәуірдегі
№255-ІІІ нормативтік
құқықтық кесімге қосымша
Ауданның елді мекендерінде орналасқан базар,
жанар-жағар май сатушы, автотұрақтар орналасқан
телімдер мен санитарлық қорғаушы аймақтары
алып жатқан жерлерге, елді мекендерден тыс орналасқан
өнеркәсіп жерлеріне салынатын жер салығы мөлшерін
белгілеу туралы
Тармақ 1
1. Ауданның елді мекендерінде орналасқан базар, жанар-жағар май сатушы, автотұрақтар орналасқан телімдер мен санитарлық қорғаушы аймақтары алып жатқан жерлерге салық ставкасы 10 есеге өсірілуге.
Тармақ 2. Исатай ауданы бойынша салық комитеті
2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 332-бабындағы Елді мекендердің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда салынатын базалық салық ставкасы, 334-бабындағы Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкасы 50 пайызға өсірілуге.
Исатай ауданы бойынша салық комитеті