Қызметті ара-тұра сипаттағы және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен бір жолғы талон құнын 2007 жылға белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызметті ара-тұра сипаттағы және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен бір жолғы талон құнын 2007 жылға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 373-бабының негізінде Исатай аудандық салық комитетінің 2006 жылғы 31 қазандағы №1148 санды ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны №1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны №2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі қызметіне уәкілетті органдар – жергілікті әкімшілік болып белгіленіп, ай сайын салық комитетіне есепті мәліметтерін беріп отыру міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың Бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі нақты комиссиясына (Ж.Зайдуллин) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 28 ақпандағы №175-ІІІ (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4-4-43 реестрімен 2006 жылы 29 наурызда енгізілген) және 2006 жылғы 19 желтоқсандағы №228-ІІІ шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 6
2007 жылғы №256-ІІІ нормативтік құқықтық кесімге 1-қосымша Қызметті ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік түрлеріне берілетін біржолғы талон құнының тізбесі (2007 жылға) Р/с Кәсіпкерлік қызмет түрлері Бір күндік талон құны (теңге) 1 Тұқым егетін көшеттер мен ағаш көшеттерін сату 30 2 Бау-бақша өнімдерін сату 50 3 Бау-бақша өнімдерін көлік құралдарына сату 250 4 Саяжайларда тұрғын үй учаскелерінде өсірілген гүл өнімдерін сату 30 5 Автокөлік құралдарын айдап әкелу; а) жақын шетелдік мемлекеттерден 800 б) алыс шетелдік мемлекеттерден 600 6 Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу жұмыстары 250 7 Жеке меншік трактормен аудан көлемінде жүк тасымалдау 150 8 Жеке автокөлік иелерінің төмендегі маршруттар бойынша жүк тасымалдау қызметін көрсетуі: (Атырау қаласы т.б. ауданнан тыс жерде) а) Автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі Атырау қаласына 1 рейске 400 б) Автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі Атырау қаласына 1 рейске 600 9 Жеке автокөлік иелерінің төмендегі маршруттар бойынша жүк тасымалдау қызметін көрсетуі: а) Автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі Аққыстау қаласына 1 рейске 200 б) Автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі Аққыстау қаласына 1 рейске 300 10 Су құятын автокөліктермен су құю 200 11 Техникамен шөп шабу қызметі 100 12 Жеке және жалға алған жеңіл (маршруттық таксиден басқа) автокөліктермен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету: а) Атырау қаласына жеке жеңіл автокөлікпен 200 б) Атырау қаласына УАЗ, ГАЗ автокөліктерімен 300 в) Аққыстау және селолық округтар ішінде жеңіл автокөлікпен 100 13 Салтанатты кештерді бейнетаспаға түсіру 1 шараға 200 14 Тамадалар мен тамада қызметкерлері 1 шараға 500 15 Фотоға түсіру және сату 100 16 Газет журнал сату 50 17 Жеке адамдардың өз малдарынан алынатын өнімдерін сату ет 200 сүт 50 18 Мал бағу (қызметі) 50 19 Ұсақ мал сату (әр басына) 50 20 Тас қашау (құлпытас) 250 21 Жеке меншік бурамен, бұқамен қызмет көрсету 200 22 Монша қызметін көрсету 300 23 Қол орақпен шөп шабу қызметі 50 24 Үй жөндеу қызметі (әр үй үшін) 500 25 Халыққа емшілік қызмет көрсету 200 26 Аяқ киім жөндеу 50 27 Киім тігу, тоқып сату 50 28 Жүннен тоқылған өнімдер сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б.) 50 29 Шөпті дайындап, сату 400 30 Саман тас сату 300 31 Қамыс байлау, сату 200 32 Құс сату 1 бас 80 33 Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифр т.б.) 500
Басқа 7
2007 жылғы №256-ІІІ нормативтік құқықтық кесімге 2-қосымша Базарларда сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін (базар аумағында тұрақты жерді жалға алып, сауда жасайтын жеке тұлғаларды шығарып тастағанда) (2007 жылға) Р/с Кәсіпкерлік қызмет түрлері Бір күндік талон құны (теңге) 1 Азық-түлік өнімдерін сату 100 2 Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату 80 3 Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату 50 4 Киімдер және аяқ киімдер сату 160 5 Парфюмерия, косметика сату 160 6 Ойыншық, сувенирлер сату 160 7 Шаруашылық тауарлар, ыдыс-аяқ, хрусталдар сату 180 8 Кеңсе бұйымдарын сату 120 9 Қосалқы бөлшектерін сату 200 10 Шаруашылық өнімдерін а) ет сату 300 б) құс, шұжық, сыр тағамдарын сату 120 в) май тағамдарын сату 120 г) кондитер тағамдарын сату 120 д) жұмыртқа сату 50 ж) жеміс-жидек, көкөніс сату 100 11 Азық-түлік өнімдерін көлік құралдарынан сату а) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 1,5 тоннаға дейін 250 б) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 5 тоннаға дейін 400 в) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 5 тоннадан жоғары 500 д) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (шаруашылық бұйымдарды және құрылыс материалдарын сату) 400 12 Балық өнімдерін сату 200 13 Ұсақ түйек тағамдар сату (чай, самса т.б.) 60 14 Теріден жасалған бұйымдар сату 200 15 Мал сату ірі қара (1 басқа) 300 16 Ұсақ мал сату (1 басқа) 50 17 Киім тігу, тоқып сату 200 18 Жүннен тоқылған өнімдер сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б.) 50 19 Құс сату (1 бас) 80 20 Балапан сату (10 бас) 75 21 Қамыс байлап, сату (қамыс плита) 200 22 Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифр т.б.) 250