Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле - июне и октябре - декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 - бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгілінген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссияның жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай - ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар мерзімдік әскери қызметке шақырылуы 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан -желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Азаматтардың әскери қызметке шақырудан өту кестесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Селолық округтер әкімдеріне аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруына ықпал жасауды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін селолық округтерде хабарлау және іздестіру топтарын құрып, оның құрамына әскери есеп стөлінің мамандарын, полицияның учаскелік инспекторларын және әскери комиссариаттың өкілін енгізсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметке жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі шаралар ұйымдастырсың.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қажетті дәрігер-мамандар және орта медицина қызметкерлерін қажетті мөлшерде, сонымен қатар шақыру комиссияның төрағасын бөлсін, шақыру комиссиясының хатшысын - емхананың медбикесін. Оларды қажетті медициналық құрал - саймандармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылуға жататын барлық азаматтар флюрографиялық тексеруден өтсін, қанның жалпы талдау, зәрді жалпы талдау, мерезге серологиялық зерттеу, жүректің-электрокордиограммасы.
Тармақ 6
6. «Әулиекөл аудынының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мелекеттік мекемесіне (келісім бойьшша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 34 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заныңа сәйкес әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласындағы жиналу пунктіне және кейін қайтуға көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру кезеңіне келісім - шарт негізінде әскерге шақырушылардың жеке істерін ресімдеу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен екі техникалық қызметкер алуға рұқсат етілсін.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жедел әскери қызметке шақырудан қашқандарды іздеу мен ұстауды атқарсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясынан өту кезеңінде шақыру пунктында әскерге шақырылынғандар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын сағат 9.00 ден 18.00 дейін бір полиция қызметкерін бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласының жаналу пунктіне аттандырғанда әскерге шақырылғандардың командаларының автобустарын ілесіп шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. «Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды «Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіні қаржылындарудың жоспарында көзделген бос қаражат есебінен қаржылындыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 140 «2006 жылдың сәуір- маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскери бөлімшелері мен әскери құрылымдарына кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (тіркеу № 9-7-39, аудандық «Әулиекөл» газетінде 2006 жылғы 17 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қуанышбаев Бола Ахметұлына жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. Аудандық шақыру комиссиясы
Әкімдіктін 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 69 қаулысына 1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясы Бекболатов Бигелді Кәрібайұлы - корғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша аткарушы, комиссияның төрағасы Қуанышбаев Болатхан Ахметұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Гудова Елена Николаевна - дәрігер отоларинголог, медициналық комиссияның төрайымы Ермагамбетов Марат Естиярұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ахтямова Татьяна Габдрашитовна - медбике, шақыру комиссияның хатшысы
Басқа 22. Азаматтардың әскери қызметке шақырудан өту кестесі
Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 69 қаулысына 2 қосымша Азаматтардың әскери қызметке шақырудан өту кестесі Округ­тер­дің Адам Өте­тін күн­де­рі ата­уы дар­дын са­ны 2 3 4 5 6 9 10 12 13 16 17 18 сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл сәу­ір 2007 жыл Аман­қа­ра­ғай 40 40 Әу­лие­көл 110 10 50 50 Ди­ев 40 Қа­зан­ба­сы 50 Қо­са­ғал 13 Кұ­с­мұ­рын 50 50 Мос­ка­лев 22 Но­во­не­жин 50 Но­во­се­лов 50 Сұ­лу­көл 30 Ти­мо­фе­ев 28 Чер­ни­гов 22 Чер­ны­шев­ский 16 Қ.Тұр­гым­ба­ев 10 Ша­ға­ла 6 Бар­лы­ғы: 587 50 50 50 50 50 50 41 50 50 50 50