О квотировании рабочих мест для инвалидов в Есильском районе на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазакстан Республикасы Заңының 7 бабы 5-2) және 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, «Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы, № 241 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер реестрінде 2005 жылғы 15 қарашада № 1603 тіркелген), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткізген конкурстық іріктеу қорытындылары негізінде мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету және жұмысқа кабылдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы Есіл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Бектасова Айнагүл Кәкімжолқызы) белгіленген квота туралы үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерді хабардар етсін және квота есебіне бөлінген жұмыс орындарының толыктырылуы мониторингін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұқашев Мақсұт Төлегенұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы каулы ресми жарияланган күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. 2007 жылы Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін жұмыс берушілердің тізімі
Есіл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «26» ақпан
№ 56 қаулысына қосымша
2007 жылы Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін жұмыс берушілердің тізімі
№
Кәсіпорын атауы
Жұмыс орындарының саны
1
«Явленка-Норд ХПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
2
«Пушкинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
3
«Бесқұдық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
4
«Ильинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2
5
«Насихат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
6
«Столыпинское» жауапкершілІгі шектеулі серіктестігі
2
7
«Атамекен-Агро-Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
Аудан бойынша барлығы:
11