Об организации социальных рабочих мест в городе Кокшетау в 2007 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Көкшетау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және 2003 жылдың 25 ақпанында № 1570 Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Ақмола облысындағы әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № А-2/49 қаулысын орындау үшін және жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 190 жұмыссыздар үшін алты ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын қала ұйымдары мен жеке кәсіпкерлердің қоса берілген тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарды тәртіп бойынша өткізу үшін қалалық кәсіпорындарға «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қажет шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі жағдайы көрсетілген жеке еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген тапсырма талабымен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде кәсіпорындармен өтініштеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды өтінімдер бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдама берсін.
Тармақ 4
4. «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын өткізу шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 5 576 000 (бес миллион бес жүз жетпіс алты мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарына таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Б.З. Жұпыновқа жүктелсін.
Басқа 7
Көкшетау қаласы әкімінің 2007 жылғы 26.04. № A-4/393 «2007 жылы Көкшетау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысымен бекітілді. 190 жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын қала ұйымдары мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі р/с Жеке кәсіпкерлермен кәсіпорындардың атауы Адамдар саны 1. «Тұлпар-Автокөлік кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 5 2. Көкшетау қаласының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 15 3. «Көкшетау жол пайдалану учаскесі» ашық акционерлік қоғамы 30 4. Көкшетау қаласының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 15 5. Айыртау филиалы «Көкшетау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 28 6. «Васильков таукен-байыту комбинаты» акционерлік қоғамы 3 7. «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 5 8. Көкшетау қаласының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Авариялық-Жөндеу қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 25 9. «Көкшетау Бизнес- Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 3 10. «Кварц» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 15 11. «Қалалық мәдениет және демалу паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 14 12. Әсенова А.Б. жеке кәсіпкер 10 13. Бектемисова Н.М.жеке кәсіпкер 4 14. «Береке-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 10 15. «Автомобилист» жеке меншік үй-жай кооперативі 3 16. «Надежда-4» жеке меншік үй-жай кооперативі 5 Барлығы 190