Қолданыстағы ред. 30.04.2007

2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы от 30.04.2007 г. № 47 (2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы)

0

2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (Ашімов Т.О келісім бойынша)

1

1) 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында аудақ аумағында 1980-1989 жылы аралығында туған, бірақ әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру мерзімі біткен азаматтарды мерзімді әскерге қызметке шақыруды және жөнелтуді өткізсін:

2

2) Әскерге шақырылу пункті келесі мекен-жайда белгіленсін:
Қорғалжын ауылы, Қ.Күмісбекова көшесі 37

3

3) Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44-бабы 3,4-тармақтарына сәйкес, әскерге шақырылу кезінде керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер,және автокөлікпен қамтамасыз етілсін.

2

2. Жоғары айтылған Заңының 17-бабы 5 тармағына сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын. (қосымша № 1)

3

3. Аудандық шақыру комиссиясы:

1

1) Өз жұмысында Қазақстан Республикасы 08.07.2005 жылғы «Әскери міндеттілік жәке әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 21, 23, 27, 28 баптарын қолдансын.

2

2) Медициналық тексерісті 2007 жылдың сәуір айының 27 жұлдызынан және қазан айының 02-ші жұлдызынан бастасын.

4

4. Аудандық аурухананың бас дәрігері (Үсенов А.О. келісім бойынша) әскери қызметке шақыру кезінде аудандық медициналық комиссиясына жоғары білікті мамандар мен орташа медициналық құрамды іріктеп алып, әскерге шақырушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті орын бөлінсін. Шақыру комиссиясының жұмысқа тартылған маман дәрігерлердің, орташа медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы сақталсын.

5

5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Абышев А.Қ. келісім бойынша)

1

1) Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабы 2 тармағына сәйкес, әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кету кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

6

6. Ауылдық әкімдер Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабы 1 тармағына сәйкес, әскерге шақырушыларды берілген кесте бойынша, аудандық комиссияға дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.(қосымша № 2).

7

7. Қорғалжын ауданының білім бөлімінің бастығына (Ахатова Б.А.) Қорғалжын аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскерге шақыртушыларды тасмалдау үшін автокөлікпен (автобус) қамтамасыз етсін.

8

8. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары, С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

9

9. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Келісілді:
Ашімов Т.О.Аудандық
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Әбішев А.Қ Аудандық
ішкі істері бөлімінің бастығы
Үсенов А.О.Аудандық
орталық аурухананың
бас дәрігері

16. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

Қорғалжын ауданының
әкімдігінің қаулысына
1 қосымша «30» 04
2007 ж № 47
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
Ашімов Талғат Оралбекұлы Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Каримова Қалима Мұсылманбекқызы Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлім бастығы, шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары.
Найманбаев Егинбай Казенұлы Аудандық ІІБ бастығының орынбасары (келісім бойынша).
Құсайнов Әмірхан Ықласұлы Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша).
Мұқатаева Биғайша Аудандық аурухананың медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы (келісім бойынша).

17. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ.

Қорғалжын ауданының
әкімдігінің қаулысына
2 қосымша «30» 04
2007 ж № 47
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ.
№п/п
Ауыл округтері
Өткізетін күндері
1
Амангелді
02.05.2007 жыл
2
Арықты
03.05.2007 жыл
3
Қарашалғын
04.05.2007 жыл
4
Майшұқыр
02.05.2007 жыл
5
Кеңбидайық
03.05.2007 жыл
6
Қызылсай
02.05.2007 жыл
7
Сабынды
04.05.2007 жыл
8
Қорғалжын
05.05.2007 жыл
№п/п
Ауыл округтері
Өткізетін күндері
1
Амангелді
02.10.2007 жыл
2
Арықты
03.і0.2007 жыл
3
Қарашалғын
04.10.2007 жыл
4
Майшұқыр
02.10.2007 жыл
5
Кеңбидайық
03.10.2007 жыл
6
Қызылсай
02.10.2007 жыл
7
Сабынды
04.10.2007 жыл
8
Қорғалжын
05.10.2007 жыл