Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне, в октябре-декабре 2007 года Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 Жарлығын орнындауда Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кейінге қалдыруға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды щақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы белгіленсін: Садыков Кенжебай Мафикович – «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; Сатова Әмина Құсайыновна – Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Жүнүсов Анарбек Ахметович – «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Бойцова Людмила Александровна – көз дәрігері – медициналық комиссиясының төрайымы; Шраменко Светлана Васильевна – комиисия хатшысы.
Тармақ 3
3. Комиссия мүшелерінің біреуінің ауырған немесе басқа да себептермен болмаған кезеңіне комиссияның резервтік құрамы бекітілсін: Ахметов Ануар Тұрсынханович - «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы; Нұрмағанова Сандуғаш Оразхановна – «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі; Комиссия мүшелері: Омаров Ғабиден Мантенович – «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары»; Медведева Елена Анатольевна - көз дәрігері – медициналық комиссиясының төрайымы; Фальковская Анна Викторовна – комиссия хатшысы.
Тармақ 4
4. «Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаментінің Шахтинск қаласының орталық қалалық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (И.Д.Бюрабеков) сапалы медициналық куәландыру беру үшін:
Тармақша 1
1) әскерге шақыруды өткізу кезеңінде мына есепте ең тәжірибелі маман-дәрігерлерді бөлсін: терапевт-дәрігер – 1; хирург-дәрігер – 1; психиатр-дәрігер – 1; отоларинголог-дәрігер – 1; невропатолог-дәрігер – 1; көз-дәрігері – 1; тіс-дәрігері – 1; дерматовенеролог-дәрігер – 1; медициналық-дәрігер – 6 адам.
Тармақша 2
2) қалалық әскерге шақыру учаскесін қажетті медициналық құралдармен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссиямен жолданған әскерге шақырушыларды тексеру үшін қаланың емдеу мекемелерінде қажетті төсек резервін жасасын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыруға жататын, барлық азаматтардың электрокардиограммадан, кеуде қуысын флюорогрфиядан өткізуін, клиникалық анализдерін тапсыруын қамтамасыз етсін.
Тармақша 5
5) тіркеуді өткізу кезеңінде емделуді қажет етедіндердің барлығына ауыз қуысының санасциясын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Шахан, Долинка, Новодолинский, кентінің әкімдері (А.Е. Клюев, Б.К. Егишев, З.С. Жапарова) әскерге шақырылуғажататын барлық азаматтарға жекелеген түрде шақыру қағаздарын беруді және әскерге шақыру комиссиясына ұйымдастырылған түрде келулерін, әскери бөлімдерге жөнелтулерін қамтамасыз етсін. Әскерге шақырылудан жалтарған жастарды іздестіру үшін кент полициясының қызметкерлері тартылсын. Сол тұлғаларды жеке есепке алсын.
Тармақ 6
6. «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (Б.А. Дюсамбаев), «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (С.Қ Ибраева) «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен бірлесіп (К.М. Садыков) (келісім бойынша) қалалық Әскерге шақыриу күнін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету үшін салтанатты түрде шығарып салуды өткізсін.
Тармақ 7
7. «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (С.А. Аубакиров) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының жинау пунктіне әскер қатарына шақырылғандарды жіберу үшін және әскерге шақыру комиссиясының жұмыс күнднрінде байланыс құралдарымен және әскерге шақыру комиссиясының жұмыс күндерінде байланыс құралдарымен және автокөлікпен қамтамасыз етілген әскерге шақыру пунктіне полиция нарядын тағайындау;
Тармақша 2
2) шұғыл әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіруді, ұстауды және әскерге шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын. Әскер қатарына шақырылғандарды іздестіру және жеткізу бойынша шағындардың барлығын сол тұлғалардың есебінен төлесін.
Тармақша 3
3) «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне қылмыстық жазасын өтеп жатқан, тергеуде жүрген және бұрын сотталған тұлғалар туралы ақпарат беру үсынылсын.
Тармақ 8
8. «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне (К.М. Садыков) (келісім бойынша), Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаментінің Шахтинск қаласының орталық қалалық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (И.Д.Бюрабеков) әскерге шақыру шараларын өткізгенде медициналық қамтамасыз ету туралы шарт жасау ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне (К.М. Садыков) (келісім бойынша әскерге шақыру учаскесіне Шахан, Долинка, Новодолинский, кенттерінен әскер қатарына шақырылғандарды тасымалдау бойынша, сонымен қатар әскери бөлімдерге жіберуді, сапқа тұрғызуды өткізу үшін әскер қатарына шақырылғандарды Қарағанды облысының жинау пунктіне жеткізу және облыстық бақылау медициналық комиссиясын және медициналық куаландыруды өткізу жөніндегі тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге мемлекеттік сатып алуоар жөніндегі жеңімпаздарымен шарт жасау үсынылсын.
Тармақ 10
10. «Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, долаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (Л.В. Инюшкина) комиссиясының жұмыс уақытында әскерге шақыру учаскесіне судың, электр, жылу қуатының тоқтамай берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (А.Б. Меллятов) медициналық куәландырумен, клиникалық анализдерді тапсырумен, электокардиограмма, флюорографияны өтумен, көлік құралдарымен байланысты шығындар сметасын және оған қоса берілген шаррттарға сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырсын.
Тармақ 12
12. Шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу қорытындысы туралы ақпарат ішкі саясат бөліміне 2007 жылдың 5 шілдесіне дейінгі және 2008 жылдың 7 қаңтарына дейінгі мерзімде ұсынылсын.
Тармақ 13
13. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі №8/11 «2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-8-23 тіркелген) күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 14
14. Осы Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Қ. Сатоваға жүктелсін. Келісілген: «Шахтинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы Садыков Кенжебай Мафикович 2007ж. «20» 04 «Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы Аубакиров Серік Абдулахметович 2007ж. «20» 04