2007 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынды бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынды бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9243, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2007 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Науырзым ауданы әкімдігінің «Атамекен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) 2007 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорын болып бекітілсін, оған жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасау үшін нақтылы жұмыс түрлері мен көлемдерін қосымшаға сәйкес анықтасын.
Тармақ 3
3. «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемесінің бастығы қосымшаға сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің «Атамекен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен қызметтерді қаржыландырарда қоғамдық жұмыстар мен қызметтердің түрлері мен көлемдерін ескерсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
Басқа 6