О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, 2007 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердіғ әлеуметтік қорғалуы туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттікк басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Ұлы Отан соғысының катысушылары мен мугедектер1не жэне соларга тенест1ршген адамдарга берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Жарлығының негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімi «Жергілікті өкілетті органдар шешімi бойынша ұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 007 бағдарламасы бойынша қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаржы жылына сәйкес, осы мақсатқа көзделген алушының қалауы негізінде екінші деңгейдегі банк арқылы тиісті әлеуметтік төлем сомасына, тиісті банктік операцияларға, Қазақстан Республикасының Хальқ банкісінің лицензиясы бар, әлеуметтік төлем сомасына сәйкес жеке шоты көрсетілген өтініші негізінде, оның қалауы бойынша екінші деңгейлі банкі арқылы кепілдік берушіні тағайындап, төмендегі азаматтар тобына ақша аударылсын: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне:
Тармақша 1
1) соғы сқа қатысушыларға және мүгедектерге - үш мың теңге;
Тармақша 2
2) әскери қызметкерлерге және epiктi жалдама құрамдағы тұлғаларға - бip мың теңге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде фашисттер мен олардың одақтастары құрған концлагерде болған, бұрынғы кәмелетке толмаған, мәжбүрі түрде ұсталған тұтқындарға - бip мың теңге;
Тармақша 4
4) Ленинград қаласында қоршау кезеңінде өндірістерде, мекеме ұйымдарда жұмыс істегендерге және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға - бip мың теңге;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мінсіз әскери қызметі және батыл еңбегі үшін, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медалдерімен марапатталған адамдарға - бip мың теңге;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің, (хабарсыз кеткендердің) қайталап некеге отырмаған зайыптары (жұбайлары) - бip мың теңге;
Тармақша 7
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) — бip мың теңге;
Тармақша 8
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында алты аи еңбек өткен азаматтарға - бip мың теңге. Әлеуметтік көмек Саран мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығындағы тізім бойынша беріледі;
Тармақша 9
9) зейнетақы жіне жірдемақы мөлшері жасына қарай зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету - ай сайын екі жүз теңге. Әлеуметтік көмек Саран мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған жасына қарай зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларының тізіміне сәйкес, төмендегі құжаттарды қосымша өткізу арқылы жүргізілсін: жазбаша өтініш, өтініш берушінің жекелігін растайтын құжат, тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 10
10) Саран қалалық мәслихатының шешімімен «Саран қаласының Құрметті азаматы» атағы ұсынылған зейнеткерлерге Тәуелсіздік күні мерекесіне - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш. Саран қалалық мәслихаты ұсынған тізім негізінде төлем жүргізілсін;
Тармақша 11
11) балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға - бip мың теңге, Халықаралық мүгедектер күніне, мүгедектерге- бip мың теңге. Әлеуметтік көмек Саран мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығындағы тізімбойынша беріледі;
Тармақша 12
12) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарды өтеуге. Әлеуметтік көмек көрсету нормативі пайдалы алаң көлемі 30 шаршы метр белгіленсін. бip адамға коммуналдық қызметтер тұтыну: газ- айына 10 килограмм, нақты шығын бойынша электроқуат кемінде 150 кВт. Суық су, кәріз, қоқыс жинау, эксплуатациялық шығындар нормасы басқару нысанына (пәтер иеленушілер кооперативі өз-өзін басқару комитеті, үйлер комитеті) қарамастан, өкілетті органдармен бекітілген тарифтер негізінде белгіленеді. Үйді ұстау және комуналдық шығындарды белгіленген нормадан тыс пайдаланулар төлемқысы жалпы негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. «Қаржы бөлімі» ММ (Р. Б. Малшыбековаға) «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» № 007 бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттегі қаржы жылына сәйкес, осы мақсатқа көзделген қаражат шегінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды уақытында қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияға - К. К. Сатоваға, әкімінің орынбасарлары — М. Е. Блокқа, Л. Н. Кимге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, он күннен кейін, қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.