Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле - июне, октябре - декабре 2007 года Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусымында қазан - желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 171 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 20 сәуірдегі 3569) сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оку орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуы жөнінідегі іс шаралар 2007 жылғы сәуір -маусымында, қазан - желтоқсанында ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шақыру учаскелері мен жиналу пунктеріне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінін, медициналык және техникалық жұмыскерлердін және қызмет ететін тұлғалардың, әскерге шақырылушыларды хабардар ету мен іздестіру тобы мүшелерінің, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған ұйымдардағы жұмыс орны, атқаратын лауазымы және орташа жалақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Селолық округтер, Ұзынкөл және Троебрат селоларының әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың 100% толық келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеңінде мыналарды орындау ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шакырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз ету және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық персонал мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберу;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындардың резерві болуы;
Тармақша 3
3) шақырылғандарға медициналық сараптама жүргізу үшін дәрігерлер мен орта дәрігер қызметкерлерді бөліп беру.
Тармақ 6
6. «Ұзынкөл аудандық статистика бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл селосынын әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Ұзынкөл аудандық мемлекеттік мұрағаты» «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінін филиалына (келісім бойынша) барлық кезеңге техникалық қызметкер міндеттерін аткару үшін бір қызметкерден «Ұзынкөл ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыруды жүргізу мен шақырылушыларды жөнелту кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды шақыруды өткізуге және шақырылғандардың арасынан белгіленген әскери есептің ережелерін бұзғандарды анықтауға қажетті көмек көрсету;
Тармақша 3
3) әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді, оларды ұстап алып «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әкелуді жүргізу;
Тармақша 4
4) «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінін өтінімі бойынша әскерге шақырылғандар мен шығарып салушылар арасында тәртіп сақтау үшін полиция отрядын бөлсін.
Тармақ 8
8. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыруды ұйымдастыру және жүргізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен 105-004-000 «Әскери қызметке тіркелу және шақыру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-26, «Нұрлы жол» 2006 жылғы 27 шілдедегі № 30) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 98 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 69 қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы АНТИПОВ Вячеслав Анатольевич - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастық, комиссия төрағасы (келісім бойынша) АҒЫТАЕВ Нұрым Сабырұлы - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, жалпы бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары НҰРМАҒАМБЕТОВ Қанат Абыройұлы - «Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастықтың орынбасары (келісім бойынша) ЧИКАНАЕВ Құдайберген Шаймерденұлы - «Ұзынкөл орталық аудандык ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, хирург медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) СКОРИКОВА Елена Александровна - «Ұзынкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, жас өспірімдер кабинетінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) ЖАРКИН Серғазы Амангелдіұлы - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жұмылдыру дайындығы мен аймақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) ДЕМИН Юрий Васильевич - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, азаматтық қорғаныс жұмысын жұмылдыру және төтенше жағдай жөніндегі бас маман, комиссиясы төрағасының орынбасары ҚАПАРОВ Нұрлан Бағыткерейұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) ВАСИЛЬЕВА Лидия Яковлевна - «Ұзынкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, дәрігер - терапевт, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) ЗАБРОДИНА Тамара Ивановна - «Ұзынкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)