Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстатан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын орындауда, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жүмысы үйымдастырылсын және шақыруды Кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға қүқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2007 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру жүргізу кезеңіне қалалық шақыру комиссиясының құрамы 1- қосымшаға сәйкес құрылсын және қалалық медициналық комиссияның қүрамы 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесіне (Шукуров А.А.) шақыру науқанын жүргізу үшін шақыру кезеңіне әскери есепке алу жөнінде мамандарды тарту үсынылсын.
Тармақ 4
4. "Лисаков қалалық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Ғалымжанова Ф.К.) (келісім бойынша), "Лисаков қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Ачкасова Л.Л.) (келісім бойынша) және "ТЭС Медикал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Осипов С.Ф.) (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жасалған 2007 жылғы 4 қаңтардағы № 19, 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 15 қызмет көрсетуге арналған шарттары және өткізілген конкурстарының негізінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясымен жіберілген әскерге шақырушыларды тексеру жүргізілсін;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеріс жүргізу үшін кереуеттің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 3
3) "Лисаков қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Ачкасова Л.Л.) (келісім бойынша) әскерге шақырудан кейінге қалдыру алған және емдеуден өткен шақырушыларға берілген кесілген талондары "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесіне берсін.
Тармақ 5
5. Октябрь поселкесінің әкімі Роот В.А., Красногор селосының әкімі Бекешева А.З. шақырушыларды шақыру комиссиясын өту үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. "Қостанай облысы Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Айсин Т.М.) (келісім бойынша) үсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды қаланың автовокзалынан облыстық жинақтау пунктіне жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2) "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жоніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесімен (Шукуров А.А.) (келісім бойынша) бірлесе отырып, шақырушылардың хабарландыру және іздестіру тобын қүрсын;
Тармақша 3
3) алыс-беріс жазылатын шақыру қағазын алғаннан кейін, мерзімді қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді шақыру пунктіне жеткізу жұмысын үйымдастырсын.
Тармақ 7
7. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі" мемлекеттік мекемесіне (Шукуров А.А.) (келісім бойынша), "Лисаков қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ляшенко Л.С.), «Лисаков қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, "Лисаков қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Калугина Н.А.) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырушыларды салтанатты шығарып салуды ұйымдастыру және өткізу үсынылсын.
Тармақ 8
8. "Лисаков қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ткалич Г.В.) шақыру комиссиясын жүргізу үшін 2007 жылға арналған қалалық бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалар бойынша ақшалай қаражаттар бөлсін.
Тармақ 9
9. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Шукуров А.А.) 2007 жылғы 25 маусымға дейінгі және 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты қала әкіміне беру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.П. Сенчевке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 18. Қалалық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қала әкімдігінің 2007 жылғы «8» мамырдағы № 767 қаулысына 1-қосымша Қалалық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Шукуров Абдусалим Абдухамидович - "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі болімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша), комиссия төрағасы Сенчев Андрей Петрович - Лисаков қаласы әкімінің орынбасары, комиссия торағасының орынбасары Баяқов Тумырза Сәкенұлы - «Қостанай облысы Лисаков қаласының ішкі істер болімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Нурмадиев Ахметқали Мұхаметқалиұлы - "Лисаков қалалық орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер- хирургы (келісім бойынша), медициналық комиссия төрағасы Шевченко Светлана Георгиевна - шақыру комиссиясының хатшысы (мерзімі 6 айға)
Басқа 19. Қалалық медициналық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қала әкімдігінің 2007 жылғы «8» мамырдағы № 767 қаулысына 2-қосымша Қалалық медициналық комиссияның ҚҰРАМЫ Нұрмадиев Ахметқали Мұхаметкалиұлы - дәрігер-хирург Айсин Бахтияр Ищанүлы - дәрігер-психиатр Жүнісова Жанат Жәкенқызы - дәрігер-лор Бочковская Елена Викторовна - дәрігер-терапевт Северинов Алексей Петрович - дәрігер-невропатолог Тлеушев Қүрмантай Сәрсенүлы - дәрігер-офтальмолог Тырсина Татьяна Александровна - дәрігер-дерматовенеролог