О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 8-ші шілде 2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-ші тармағының 8-тармақшасына, 17 сәуірдін 2007 жылдың Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Жедел әскери қызметке әскери қызметкерлерді запасқа босату және жедел әскери қызметке Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекті үндеу туралы» сәйкес Еңбекшілдер аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Еңбекшілдер ауданының аумағында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскерге шақыру мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына ұйымдасқан түрде шығарын салу үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы құрылсын. (1-қосымша)
Тармақ 3
3. Әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру мен дәрігерлік куәландыру Еңбекшілдер ауданының кестеге сәйкес.
Тармақ 4
4. Степняк қаласының және ауылдық округтердің әкімдері әскерге шақырылушылардың және шақыру комиссиясынан өтуі және әскерге жөнелтілуі үшін оларға хабарлау мен ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына ұсынылсын, (келісімі бойынша) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ісін ұйымдастыру мен өткізуге қорғаныс істері жөніндегі бөлімге төмендегідей көмек жасасын:
Тармақша 1
1) Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып (келісімі бойынша), әскери міндетін атқарудан жалтарушыларды іздестіру тобын құрсын;
Тармақша 2
2) Учаскелік инспекторларды әскерге шақырылушылардың аудандық медициналық комиссия мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына жөнелтуге келмеген әрбір жағдайын жазбаша түрде баяндап отыруға міндеттесін.
Тармақша 3
3) Қоғамдық тәртіптің бұрмалануының және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, көлік құралдары жүргізушілерінің арасында профилактикалық жұмысты күшейтіп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырымына сәйкес полицияның кезекші нарядын бөлсін.
Тармақ 6
6. Еңбекшілдер аудандық ауруханасының бас дәрігеріне және аудандық емхананың бас дәрігеріне ұсынылсын (келсімі бойынша), әскерге шақырылушылар мен әскери қызмет етуге міндеттілерді дәрігерлік куәландыру үшін маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлер.
Тармақша 1
1) Дәрігер-мамандар мен орта буын медицина қызметкерлерді негізгі жұмыс орныңда міндетін атқарудан босатылсын. Қосымша байқаудан өткізуге жіберілген әскерге шақырылушылардың аудандық ауруханаға қабылдануы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Азаматтар әскерге шақыру комиссиясында және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына жөнелтілуге ауылдық округтердің әкімдері арқылы әскерге шақырылушыларға тікелей шақыру қағазын беру жолымен хабарландырылсын, шақыру көзделген уақыттан бұрын емес.
Тармақ 8
8. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік мекемесінің» бастығына әскерге шақырылушылардың жеке істерін толтыру үшін жазуы әдемі үш техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 9
9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінін бастығына ұсынылсын (келсімі бойынша):
Тармақша 1
1) Әскерге шақыру кезіне медициналық куәландыру жалтарушы әскерге шақырылушыларды іздестіру мен жеткізу және Көкшетау қаласындағы облыстық жинақ пунктіне командаларды жөнелту үшін кезекші автокөлік бөлсін.
Тармақ 10
10. Әскерге шақырылушыларды Көкшетау қаласындағы облыстық жинақ пунктіне ұйымдасқан түрде жөнелту мақсатында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінін бастығына (келсімі бойынша) қорғаныс істері жөніндегі департаменттің кестесіне сәйкес әскерге алынушыларды тасымалдайтын көлікпен мезгілінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Аудандық қаржы бөлімінін бастығына қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының тапсырымы бойынша, әскерге шақыру науқанының жергілікті бюджетте қарастырылған көлемде, және белгіленген мерзімде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Аудандық әкімдігінің қаулысы № А-3/66 2006 жылдың 20 сәуір айында «Сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу, азаматтық жастар қатарынан жоғары әскери оқу орындарында үміткерлерді адан ала кәсіби іріктеуден өткізу туралы» (әділет басқармасында 2006 жылдың 26 сәуірде 1-10-38 нөмірімен тіркелген) күшің жойылған деп саналсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір» «Сельская новь» газетінде ресми түрде жарық көрген күнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С.Омаровқа жүктелсін.
Басқа 20. Аудандық әскерге шақырушылар комиссиясының ҚҰРАМЫ
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «23» 04 № а-5/98 қаулысына № 1 қосымша Аудандық әскерге шақырушылар комиссиясының ҚҰРАМЫ Балғожинов Серік Кеңесұлы - Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы Қайржанов Бауржан Алимжанұлы - мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің аудандық әкімі аппаратының бас маманы, әскерге шақырылушылар комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Баржақсымов Ерлік Қадырбекұлы - Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Дюйсенбаев Қанат Қайроллаұлы - аудандық орталық емхананың дәрігер хирургі Шаманаева Елена Ивановна - психиатрия кабинетінің медбикесі шақыру комиссиясының хатшысы