Об организации призыва граждан на воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 3аңының 19 бабының 3 тармағына, 20, 44 баптарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысымен бекітілген, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін» жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінде 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және өткізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Ұсынылып отырылған азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігеріне (К.Қ.Жанов), туберкулез диспансерінің бас дәрігеріне (Ж.Р.Мақашов), аудандық емхананың бас дәрігеріне (К.С.Раскулов) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) оларды еңбекақыларын сақтаумен өз міндеттерін атқарудан босатып, дәрігер-мамандар мен орташа медициналық қызметкерлерді бөлу;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру пунктін дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылықтық мүліктермен қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бастығы (Әшімянов К.Ж.) жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыссыздар арасынан сегіз техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 6
6. Білім мекемелерінің, ұйымдарының және меншік нысанына тәуелсіз басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды шақыру комиссиясынан өту үшін қажетті уакытта жұмыстан немесе оқудан босату, шақырылушыны іссапардан, демалыстардан шақыртып алу, оларды хабарландыруды ұйымдастыру және шақыру пунктіне уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясына келмеген шақырылушыларды іздестіру үшін және шақырылушыларды бақылаудың медициналық тексеруден өткізу үшін облыстық жинау пунктіне жеткізу үшін жәрдем көрсету.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы құралымдарының басшыларына селолық округтердің әкімдеріне шақырылушыларды медициналық комиссиядан өтуге Щучинск қаласына жеткізу үшін, сол сияқты әскери қызметке аттандыру күні селолық окрупен Щучинск қаласының біріккен қорғаныс Істері бөліміне дейін тасымалдауға көлік бөлуде жәрдем көрсету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Щучинск қаласының» Бурабай кентінің жене селолық округтердің әкімдері әскер қатарына шақырылушылардың берілген тізімге сәйкес Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккен бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Щучье аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Б.Р.Баймурзин) Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккек бөлімімен бірлесіп әскери қызметке шақырудан бұлтарған адамдарды іздестіру және келуін қамтамасыз ету, сол сияқты шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне кетерде коғамдық тәртіпті қорғау бойынша әрекеттестікті ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен іске асырылсын.
Тармақ 11
11. Әділет басқармасында 2006 жылғы 20 қазанда 1-19-87 нөмірмен тіркелген, «Луч» газетінің 2006 жылғы 27 қазандағы 86 нөмірінде, «Бурабай» газетінің 2006 жылғы 27 қазандағы 45 нөмірінде жарияланған, «2006 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 9 қазандағы № а-10/535 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының күші 2007 жылғы 20 сәуірден туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
Тармақ 13
13. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Алтаеваға жүктелсін.
Басқа 19. Әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы
Щучье ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 04 № а-5/230 қаулысына қосымша Әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы Тұлақов Бейсен Қуанышқанұлы - подполковник, Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Жүнісов Манарбек Ғалимарданұлы - Щучье ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Көшірбаева Запура Қазғожақызы - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Әскер қатарына шақыру комиссиясының мүшелері Ыдырысов Серік Ғазизұлы - полиция подполковнигі, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Садуақасова Алтынжан Зейкенқызы - аудандык аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Бекмағамбетов Жандос Досымұлы - лейтенант, әскер қатарына келісім шарт бойынша қабылдау (есепке алу) тобы бастығы (келісім бойынша)
Басқа 20. Азаматтар әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін
Щучье ауданы әкімінің № а-5/230 «30» 04 2007 жылғы қаулысы бекітілсін Азаматтар әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін № Ауылдық округтердің атауы саны 20.04.07 23.02.07 24.04.07 27.04.07 30.04.07 03.05.07 04.06.07 08.05.07 10.05.07 14.06.07 1. Абылайхан селолық округі 95 50 Бурабай кенті 87 50 3. Веденовка селолық округі 61 50 4. Златополье селолық округі 70 50 5. Зеленобор селолық округі 101 50 6. Кенесары селолық округі 83 50 7. Қатаркөл селолық округі 67 50 8. Климовка селолық округі 51 50 9. Наурызбай селолық округі 44 44 10. Успено-Юрьевка селолық округі 47 47 11. Ұрымқай селолық округі 56 12. Қала 270 13. Қорытынды 1032 50 50 50 50 50 50 50 50 44 47 кестенің жалғасы 16.05.07 17.05.07 21.05.07 23.05.07 24.05.07 25.05.07 28.05.07 31.05.07 01.06.07 05.06.07 07.06.07 11.06.07 13.06.07 18.06.07 20.06.07 22.06.07 25.06.07 26.06.07 28.06.07 29.06.07 45 37 11 20 50 1 33 17 1 50 5 13 39 30 17 33 49 44 40 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 41
Басқа 21. Азаматтар әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін
Щучье ауданы әкімінің № а-5/230 «30» 04 2007 жылғы қаулысы бекітілсін Азаматтар әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін № Ауылдық округтердің атауы саны 01.10.07 03.10.07 03.10.07 09.10.07 12.10.07 16.10.07 18.10.07 22.10.07 24.10.07 26.10.07 1. Абылайхан селолық округі 100 50 2. Бурабай кенті 94 50 3. Веденовка селолық округі 70 50 4. Златополье селолық округі 100 50 5. Зеленобор селолық округі 128 50 6. Кенесары селолық округі 90 50 7. Қатаркөл селолық округі 75 50 8. Климовка селолық округі 71 50 9. Наурызбай селолық округі 52 50 10. Успено - Юрьевка селолық округі 54 50 11. Ұрымкай селолық округі 56 12. Қала 210 13. Қорытынды 1100 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 кестенің жалғасы 29.10.07 31.10.07 02.11.07 06.11.07 08.11.07 12.11.07 14.11.07 16.1107 19.11.07 21.11.07 23.11.07 28.11.07 30.11.07 04.12.07 06.12.07 10.12.07 12.12.07 14.12.07 19.12.07 21.12.07 24.12.07 50 44 20 50 50 28 40 25 21 2 4 50 6 6 30 10 25 29 48 46 16 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50