О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылдың 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, «Әскери қызметті белгіленген мерзімін атқарған, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск калаларының әкімдіктері шақыру комиссияларын құрып, олардың қызметін қамтамасыз етсін, сондай-ак медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
Тармақ 2
2. Көкшетау мен Степногорск қалаларының және аудандардың шақыру комиссияларының жұмыстарына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 3
3. «Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры шақыруды өткізу басталғанға дейін қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін.
Тармақ 4
4. Шақырылушыларға сапалы медициналық куәландыру өткізу мақсатында облыстық медициналық комиссияның келесі жергілікті әскери басқару органдарына сапарлары ұйымдастырылсын: Атбасар қаласына (Атбасар ауданы) 2007 жылдың 22-25 сәуірі және 12-15 казаны аралығында, Көктал кентіне (Астана қаласы) 2007 жылдың 26-30 сәуірі және 16-20 қазаны аралығында.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақмола темір жолмен тасымалдау бөлімшесі филиалы (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Ақмола облысы ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) тиісті жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесе отырып, облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктіне жинау бойынша жұмыстарын бақылауды және жастар командаларын жинау, қалыптастыру мен әскери бөлімдерге жөнелтуді ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі материалдық-техникалық іс-шараларды облыстық бюджет қаржысы есебінен қамтамасыз етуді жүргізсін.
Тармақ 9
9. «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 2007 жылы сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпаратты 2007 жылғы 15 шілдеге дейін және 2007 жылғы қазан-желтоқсан айларында 2008 жылғы 15 қаңтарға дейін тапсырсын.
Тармақ 10
10. Ақмола облысы әкімдігі каулыларының күші жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) «2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» 2006 жылғы 26 сәуірдегі № А-4/140 (Мемлекеттік тіркеу тізілімінің Ақмола аймақтық бөлімінде № 3189 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 мамырда «Арқа ажары» және 2006 жылғы 18 мамырда «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған).
Тармақша 2
2) «2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № А-4 /140 қаулысына өзгерістерді қосу туралы» 2006 жылғы 2 қарашадағы № А-10/377 (Мемлекеттік тіркеу тізілімінің Ақмола аймақтық бөлімінде № 3202 болып тіркелген, 2006 жылғы 7 желтоқсанда «Арка ажары» және 2006 жылғы 7 желтоқсанда «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылауын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының күші 2007 жылдың 20 сәуірінен бастап қалыптасқан қүқықтық қатынастарға тарады.
Тармақ 13
13. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысының денсаулық
сақтау департаментінің
директоры Төкенов Б.Ұ.
30.04.2007 жыл
Ақмола облысының жұмылдыру
дайындығы азаматтық қорғаныс
табиғи апаттардың алдын алу мен
жоюды ұйымдастыру басқармасының
бастығы Жолдаспаев Б.Ж.
30.04.2007 жыл
Ақмола облысының Қорғаныс
істері жөніндегі департаментінің
бастығы Қынашбаев Б.Н.
30.04.2007 жыл
Ақмола облысының ішкі істер
департаментінің бастығы Түсіпбеков Д.Т.
30.04.2007 жыл
Басқа 16. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ақмола облысы әкімдігінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ А-5/148 қаулысына қосымша
ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
Қынашбаев Бақыт Нұрахметұлы – «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы;
Жұрынбаев Серік Кәкімбекұлы – «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқармасы, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмылдыру дайындығы бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары;
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ысқақов Рамазан Файзоллаұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Ақмола облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Құттыбай Ерғали Өмірзақ – «Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру және мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімінің бастығы;
Белогуб Николай Николаевич – «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт бойынша әскери кызметшілерді жинау және шақыру бақармасының бастығы;
Мартазанов Макшарип Баматгиреевич – «Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аға дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы;
Субач Лейла Леонидовна – «Ақмола облысының денсаулық сақтау департамент» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссияның хатшысы.