Об организации общественных работ в районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақтарына және 20 бабының 5 тармағағы 20 тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2007 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың тұрлері мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н.И.Плотникова)
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар өткізу үшін аудандық бюджетте 2007 жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын.
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарды өткізу жөнінде ұйымдармен шарт жасаған кезде әрі қарай жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін ескерсін.
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың еңбекақысы Осакаров ауданының пошталық байланыс торабында ашылған жұмыссыздар есепшотына қаржы аудару жолымен төменгі айлық еңбекақысы есебі мен атқарған жұмыс уақытында сәйкес төленеді.
Тармақ 3
3. Осакаров ауданының қаржы бөліміне (С.Ж.Ыдырысовқа): қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу ақшалай қаражатты уақытылы бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
Тармақ 5. 2007 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын ауданның ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2007 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын ауданның ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі Р/с Ұйымдар және мекемелердің атауы Адам саны Ұсынылатын жұмыстар және қызмет түрлері ҚЖ қатысу мерзімі (ай) Жұмыс көлемі 1 Кенттер мен селолық округтер әкімдерінің аппараттары 291 -Тұрғындардың үйлерін аралау, селолық округтердің, кенттердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, статистикалық тексеріс; -ТҮКШ ұйымдарына елді менедерге. бейттер аумағын жинауға көмек көрсету; -Жол салу және жөндеу, су коммуникациясын жөндеу, мелиорация жұмысын өткізу; -Үй құрылысына және әлеуметтік мәдени объектілеріне жүктелген күрделі жөндеу жұмысына қатысу; -Ескерткіштерді күзету және қалпына келтіру; -Аумақты экологиялық сауықтыру («Жасыл ел», «Ағаш отырғызу»); -Мәдени-көпшілік шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткізуге көмек көрсету. -Қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық қоғамдық компанияларға көмек көрсету. -Жалғзбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету. -«Мейірбандық бибі», «Құрылыс бригадалар», «Аула клубы», «Түлек», «Ұстаз-тәрбиеші» бағдарламаларға қатысу. Медициналық, тігін және шаштараз басқа да қызметтер (жәрдем беруге арналған асхана) көрсету жөніндегі әлеуметтік- тұрмыстық орталықтардың жұмысын жалғастыру. -ҚР зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңдарын түсіндіру жөніндегі кеңес беру пунктерін ұйымдастыруға қатысу. 1-6 0,5-1 1-3 1-3 0,5 1 1-6 0,5-1 1-11 1-11 9325 тұрғын үй 250 км 8 ескерткіш 1300 дана 77 адам 22 пункт 2 Мәдени сауықтыру орталығы 6 Демалыс және мәдениет орталық парктің аумағын жинау, ағаш егу, көркейту 2 7 га 1407 дана 3 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 6 6 8 2 -Осакаровка кентінде медициналық, тігін және шаштараз қызметтер көрсету жөніндегі әлеуметтік-тұрмыстық орталықтың жұмысы. -Мәдени-көпшілік шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткізуге көмек көрсету. -Қарттар үйіне және жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету. -Әлеуметтік қызмет: үй аралау, материалдық – тұрмыстық актісін жасау, құжаттар тігу, істер қалыптастыру. 1-11 2 2000 адам 22 адам 4 Осакаров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі 9 Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету (жеке істерді тігу шақыру қағазын тарату). 3 5460 дана 2450 дана 5 Осакаров ауданы бойынша салық комитеті 18 Тұрғындармен жұмыс жасау: жерге көлікке, мүлікке салық төлеу жөніндегі ресми қолхаттарды жазбаша хабардандыруларды жеткізу. 3 6000 дана 5230 дана 10822 дана 6 Прокуратура 12 Мұрағат құжаттар мен тізімдерді тігу және құрастыру, 2006 жылғы өкімдерді қалыптастыру, оларды тігу. Мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру істерін қалыптастыру. 2 2000 дана 7 Әділет бөлімі 8 Мұрағат кітаптарды бөлшек жаңырту, кітаптарды тігуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша іздеу салу. 3 18000 дана 4560 тұрғын үй 3000 сұрау 8 Зейнетақы және жәрдем төлейтін мемлекеттік орталығы 4 Ұзақ мерзімде және ағымдағы сақталатын мұрағаттық зейнетақы және жеке істерін өңдеу және көшіру 3 19724 іс 9 Қарағанды облысының соттар әкімшісі сот орындаушыларының Осакаров аумақтық учаскесі 4 Мұрағат құжаттарын өңдеу, хабарландыруларды жеткізу 3 1200 іс 10 Осакаров ауданының кітапханасы 6 Күрделі жөндеуге, кітап қорын тексеруге көмек көрсету 2 800 ш.м. 45000 экз.