О проведении учета налога на имущество земельного налога, налога на транспорт физических лиц на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылға арналған жеке түлғаларға салынатын жер, мүлік, көлік салығын есепке алуды жүргізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 21 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148-11 Заңының 33 -бап
1- тармақ 10) тармақшасын басшылыққа алып, жергілікті салықтардың толық түсуі және сапалы салықтық есеп жүргізуді қамтамасыз етуді біртұтас саясатпен жүргізу мақсатында, Глубокое ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданы бойынша салық комитетіне (Е.Д Жұмажанов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жергілікті салық төлеушілерді есепке алуға кірісу, 2007жылдың1-ші маусымына дейін жер және мүлік салығын есептеп шығару, 2007 жылдың 1-ші тамызына дейін салықты төлеу туралы ескерту берілсін;
Тармақша 2
2) жергілікті салықтар бойынша сапалы салықтық есеп жүргізуді қамтамасыз ету үшін іс шаралар жоспары әзірленсін;
Тармақша 3
3) кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп халық арасында есептелінген салықтық сомманы уақытында төлеу туралы жаппай түсіндіру жүмыстары жүргізілсін, осы мақсат үшін бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қолданылсын.
Тармақ 2
2. „ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы” РМК Глубокое бөлімшесіне ұсынылсын (Б.М Шошаев ) (келісім бойынша) ҚР ММК 2001 жылғы 29 желтоқсандағы салық салу үшін азаматтардың жеке меншігіне жататын пәтер, түрғын үй, саяжай және басқа да құрылыстардың құнын бағалау жөніндегі № 1793 бұйрығына сәйкес салық комитетіне мәлімет жіберсін;
Тармақ 3
3. Глубокое АІІБ аудандық жол полиция бөлімшесіне ұсынылсын (Е. Ч Құсайынов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Глубокое ауданы бойынша есепте тұрған көлік құралдарын хаттау және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық салу үшін салық комитетіне көлік туралы мағлұматтар берілсін;
Тармақша 2
2) салык комитетімен бірлесіп көлік кұралдары жөніндегі мәліметтер базасына келесі сәйкестікті келтіру үшін , көлік құралдарының түскен және түспегендігін анықтау жөніндегі іс шаралары ай сайын жүргізілсін;
Тармақша 3
3) келесі есеп беру айының 5- не дейін іс жүзіндегі түскен және түспеген көлік кұралы бойынша ақпаратты ұсыну.
Тармақ 4
4. «Глубокое ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ:
Тармақша 1
1) жеке үй шаруашылығы, бау-бақша, саяжай және азаматтық құрылыстар, жеке түрғын үйлер және басқа да жер телімдеріне салықты есептеу үшін, жеке тұлғаларға берілген жер телімдері бойынша 2001жылғы
29- желтоқсандағы ҚР ММК № 1793 бүйрығына сәйкес мәліметтерді салық комитетіне ұсынсын;
Тармақша 2
2) иесіз және тастап кеткен жер телімдерін анықтау жайлы ай сайын салық комитетімен бірлесіп іс шаралар өткізсін, жер салалары бойынша мәліметтер базасына келесі түзетулер енгізсін;
Тармақша 3
3) Глубокое ауданы бойынша салық комитетіне иесіз, тастап кеткен жер телімдері туралы мәліметтерді келесі есеп беру айының 5- не дейін есебі берілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В Лаптевке тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен, бастап күшіне енеді, жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді.