Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, сондай- ақ Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын орындауда Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2007 жылғы сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. «Қамысты орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері (келісім бойынша) аудандық әскерге шақыру комиссиясын дәрігер - мамандармен (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ шақырылатын азаматтарды сапалы медициналық куәландыруүшін қажетті құралдармен және мүлікпен толықтырсын, аудандық ауруханада кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексерілу үшін жағдайлар жасасын.
Тармақ 3
3. Селолық округтер мен селолар әкімдері, кәсіпорындар мен мемекемелер басшылары:
Тармақша 1
1) 1989 жылы туған, шақыру уақытында 18 жасқа толған, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мерзімдік әскери қызметті өтеу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілген, әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс - шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Қамысты ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру жүргізу және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру, ұстауды жүргізсін, іздестіру, жеткізу және ұстау жөніндегі шығыстарды төлеуді осы тұлғалардың есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) жиналу пунктінде әскерге шақырушылар арасында коғамдык тәртіпті қалпында сақтау үшін «Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес полицияның нарядын бөлсін.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындар, ұйымдар басшыларына селолық округтер мен селолар әкімдерінің тапсырыстары бойынша «Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылғандарды жеткізу үшін автокөлік бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне азаматтарды даярлау және әскерге шақыруды жүргізу үшін 1 адам санында техникалық қызметкер таңдап алынсын.
Тармақ 7
7. Әскерге шақыру учаскесіне жұмыс істеу үшін жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық және басқа қызмет көрсетуші адамдардың осы міндеттерді орындаудың барлык уақытында осы лауазымды тұлғалар жіберілген ұйымдарда және кәсіпорындарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталсын.
Тармақ 8
8. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 9
9. «Қамысты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды қаржыландыруды «Жалпылама әскери міндетті орындау аясындағы іс-шаралар» бағдарламасы бойынша Қамысты ауданы әкімдігінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. «Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) атқарылған жұмыстар туралы 2007 жылдың 25 маусымынан және 25 желтоқсанына Қамысты ауданы әкімінің аппаратын хабардар етсін.
Тармақ 11
11. Қамысты ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 131 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан -желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін (тіркеу нөмірі № 9-11-32 аудандық 2006 жылғы 26 мамырдағы № 25 "Новый путь-Бозторғай" газетінде жарияланған).
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 18. Аудандық шақыру
комиссиясының құрамы
Қостанай облысы
Қамысты ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 20 сәуірдегі
№ 118 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру
комиссиясының құрамы
Абраев Марат Дарбаевич - Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасы
Ахметов Абай Қалтайұлы - Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Құсжанов Қобланды Аққошқарұлы - Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Жұматаев Ермек Еламанұлы - дәрігер-хирург (медициналық комиссияның төрағасы)
Серікбаева Айгүл Жақанқызы - комиссия хатшысы
Берекетов Бауржан Нұрлыбекұлы - Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары
Нысымбаев Болат Башайұлы - Ішкі істер бөлімінің кадр бойынша және тәрбие жұмысы
бастығының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Құсжанов Қобланды Аққошқарұлы - Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Зазулин Александр Анатольевич - дәрігер-хирург (медициналық комиссияның төрағасы)
Серікбаева Айгүл Жақанқызы - комиссия хатшысы