О мерах по противопожарной охране лесов области в 2007 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы облыс ормандарын өртке қарсы қорғау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Орман кодексінің 15-бабын орындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы орман өртінің алдын алу және облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында онымен күресу жөніндегі өртке қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғаларға өрт қаупі кезеңінде мыналарға тыйым салынсын: Солтүстік Қазақстан облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің келісімінсіз ормандарда мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге; ормандағы жұмыстарда тұтандырғыш жүйесінде ақаулықтары бар және ұшқын сөндіргіші жоқ автомобильдерді және басқа механизмдерді пайдалануға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменті оқушылар мен студенттер арасында ормандағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізсін.
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті автомобиль жолдары жиегіндегі минералдандырылған алқаптарды таза жағдайда ұстасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасына (келісім бойынша) автомобиль жолдары жиегіндегі тосқауыл және қорғаныш алқаптарын тиісті өртке қарсы жағдайда ұстау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С.Біләловке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 91 қаулысына қосымша 2007 жылғы орман өртінің алдын алу және облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында онымен күресу жөніндегі өртке қарсы іс-шаралар жоспары Іс-шаралар Жауаптылар Орындалу мерзімі 1. Өрт-химиялық стансаны, өртке қарсы жасақтарды, тірек бекетін, қажетті қызметкерлерімен өртке қарсы керек- жарақтарымен және техникамен, жанар-жағар май материалдарымен жабдықтау. Орман өрттерін табу және сөндіру бойынша құралдарды толығымен дайындау Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ағымдағы жылдың 4 маусымына дейін 2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауіпсіздігі тәртібін бұзған кінәлілердің жауапкершілік шараларын түсіндіріп орман өртінің алдын алу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Үнемі 3. Өрт қауіпі кезеңінде мемлекеттік орман қорғау мекемелері техникалық құралдарын орман қорғауға байланысты жұмыстарға пайдалануды қамтамасыз ету Петропавл қаласы және аудан әкімдері 4 маусымнан бастап өрт қауіпі кезеңінің аяқталуына дейін 4. Жоғарғы өрт қауіпі кезеңінде техникалық құралдардың шектеу және  орман ескерткіштері мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына, қылқанды орманға жеке тұлғалардың баруына тыйым салу, кіретін жерлерге уақытша біріккен жол полициясы мен мемлекеттік орман қорғау бекетін қою Петропавл қаласы және аудан әкімдері, ішкі істер департаменті, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ағымдағы жылдың мамыр айы 5. Жоғарғы өрт қауіпі кезеңінде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында мекендеуіне, орман пайдалану құқығын тоқтатуға дейін тыйым салу Петропавл қаласы және аудан әкімдері, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы үнемі 6. «Қоршаған ортаға орман өртінің әсер етуі» тақырыбына жалпы мектеп жиналысы, сынып сағаттар, азаматтар жиылымының кестесін әзірлеу және бекіту Аудан әкімдері, білім беру және ауыл шаруашылық департаменттері кесте бойынша 7. Орман және дала өртімен қамтылған аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жүргізу мәселелері қарастыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті кесте бойынша 8. Орман қоры жерлерінде және орман массивтері аумағында орналасқан объектілерге өрт-техникалық тексеріс жүргізу Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет департаменті ағымдағы жылдың сәуір-мамыр 9. Көктем-егістік жұмыстарын дайындау және өткізу бойынша аудандық кеңестерде облыс ормандарын сақтау мәселелерін қарастыру Петропавл қаласы және аудан әкімдері, ауыл шаруашылық департаменті, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы өткізу шамасы бойынша 10. Өртке қарсы іс-шараларды орындау бойынша айлық өткізу Аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасы, ішкі істер басқармасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар нысанындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ағымдағы жылдың 4 маусымынан 4 шілдеге дейін, 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейінгі кезеңдер 11. Неғұрлым көп барылатын және өрт қауіпі орындарына жол бағыттарын әзірлеу Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ағымдағы жылдың 4 маусымы