2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18,23  44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын, облыстық әкімияттың 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 16 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Исатай ауданы аумағында тұратын, шақыру күніне дейін 18 жасқа толатын 1989 жылы туған және әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне дейін 27 жасқа толмаған 1980-1989 жылы аралығында туған азаматтар 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша). Комиссия құрамына әскер қатарына шақырылушылардың тұрмыстық-денсаулық жағдайына толық талдау жасасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес селолық округ әкімдеріне:
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тұрғылықты орнынан аудандық шақыру пунктіне дейін және облыстық жинақтаушы пункттен кері қарай - тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасы мен медицина мекемелерінде қосымша тексеруден өткізіп әкелуді жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) Тұщықұдық, Исатай, Забурын, Новобогат, Жанбай, Нарын селолық округiндегi әскерге шақыртушыларды 1-шы наурыздан мен 13 тамыздан бастап алдын ала медициналық байқауға және аудандық медициналық комиссиясына жеке автокөлiкпен тасымалдауды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Бағыныш және меншік түріне қарамай кәсіпорын, мекеме, оқу орындару, тұрғын үй пайдалану және үй басқармаларының басшыларына Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және қызмет туралы» Заңының 20 бабының 3- тармағы, 21-баптың 3 тармағына сәйкес өз міндеттерін орындауы ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық емхана әкімшілігіне (М.Жамалова - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық дәрiгерлiк комиссия құрамына тиiстi дайындығы бар, тәжiрибелi маман дәрiгерлер мен орта бiлiмдi медицина қызметкерлерiн бөлінсін.
Тармақша 2
2) әскерге шақырушылардың комиссияға келген күнінен бастап қанының тобын, резус–факторын, жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгісі вирусын анықтау, кеуде органдарын рентгенологиялық (флюрографиялық) зерттеу, электрокардиограмма, бруцеллезге қарсы тексеру жөнiндегi жұмыстарға бақылау жасау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-III "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 21 бабына сәйкес анализдер тапсырту, және флюрографиядан, медициналық байқаудан өткiзу жұмыстарын жүргiзу ұсынылсын (3,4-қосымша).
Тармақ 6
6. Ауданның мекемелері мен кәсiпорындар басшыларына (келісім бойынша) 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан–желтоқсан айларында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге техникалық қызметкерлер бөлсін. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44-бабының 4 тармағына сәйкес олардың қызмет орны мен орташа айлық жалақысы сақталсын.
Тармақ 7
7. Әскер қатарына шақырылушы жастарды облыстық медициналық байқау комиссиясына, командаларға белгiленген шақырушыларды облыстық жиын пунктiне тасымалдау үшiн аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Бозбалиев Н – келісім бойынша) жеке көлiк иелерiмен шарт жасассын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлiмiне (Алмағамбетов Е.) 2007 жылға бекiтiлген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Аудандық iшкi iстер бөлiмiне (Қапаров Б - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шакыру кезiнде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бiрге шақыру пункттерiнде қогамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) белгіленген мерзімде әскерге шақыру комиссиясына келмеген адамдарды жедел iздестiру, сонымен бiрге әскери қызметтен бой тасалау әрекеттерiне тосқауыл қойып, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткiзу;
Тармақша 3
3) командаларды көлiкке отырғызып, жүргiзiп жiберу, сонымен бiрге шақырушылар колоннасын (шақырушылар санына қарамастан) жол полициясының қатысымен жүргiзу ұсынылсын.
Тармақ 10
10. «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына (Елеусинов Қ- келісім бойынша) қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44- бабының 3 – тармағына сәйкес қатарына шақырылушы жастарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге және әскер қатарына шақыру жұмысы кезінде кезекші автокөлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Зұлқашевке және Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Н. Бозбалиевке тапсырылсын. Келісілді: Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы: Н. Бозбалиев Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: Б. Қапаров Аудандық емхананың бас дәрігері: М. Жамалова "Жайықмұнай" Мұнайгаз өндіру басқармасының бастығы Қ. Елеусинов
Басқа 21
Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 56 қаулысына 1-қосымша Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы: 1. Бозбалиев Нұрасбек - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы 2. Жанарыстанов Ғаллам - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: 1. Аубакиров Хайдар – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары 2. Бижанова Роза - аға дәрігер 3. Балтабек Наталия – комиссия хатшысы
Басқа 22
Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 56 қаулысына 1-қосымша Әскерге шақырылушыларды медициналық сараптаудан өткізетін аудандық дәрігерлік комиссия құрамы: 1. Бижанова Роза - аға дәрігер 2. Қабделова Гулбаршын – терапевт 3. Дюсалиева Бағила - тіс дәрігері 4. Исақұлов Қайрат, Бөлекбаева Роза – психиатр 5. Мұханова Рая, Сахипова Хадиша - фтизиатр 6. Қуандықов Алексей - рентгенолог 7. Төлегенова Нина - мұрын, құлақ, тамақ ауруларының дәрігері 8.Бисенгалиева Ақмарал – тері ауруларының дәрігері 9. Жунердиев Ерлан, Абдыгалиева рашадин – хирург 10. Қадыралиева Айымгул - көз дәрігері 11. Мұхамбетова Айгуль – қан тобын айырушы 12. Бөлекбаева Роза - жүйке, тамыр ауруының дәрігері 13. Исмурзина Гүлсім - ЭКГ дәрігері 14. Емші бике - 4(төрт) адам 15. Елеусизова Рая – ЭКГ дәрігері
Басқа 23
Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 56 қаулысына 1-қосымша 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер қатарына шақырылғандардың флюрография мен анализдер тапсыру кестесі № Селолық округтер Өтетін күндері 01.03.07 12.03.07 13.03.07 14.03.07 19.03.07 15.03.07 16.03.07 13.08.07 20.08.07 21.08.07 22.08.07 27.08.07 23.08.07 24.08.07 1 Аққыстау с/о х 2 Тұщықұдық с/о х 3 Новобогат х 4 Жанбай х 5 Нарын х 6 Забурын х 7 Исатай х Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада.
Басқа 24
Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 56 қаулысына 1-қосымша Медициналық комиссияның өту кестесі N Се­ло­лық округ­тер Өтетін күндері 26.03.07 03.09.07 27.03.07 04.09.07 28.03.07 05.09.07 29.03.07 06.09.07 30.03.07 07.09.07 02.04.07 10.09.07 03.04.07 11.09.07 Ко­сым­ша күн­дер 4.​5.​6.​11.04.​07.​18.​25.04.​07.​4.​11.16.​05.​07.​23.30.05.07 1 Ақ­қы­стау Х 12.​13.​14.​09.07.​20.​21.​28.09.​07.​4.​5.12.​10.​07.​19.26.​31.​10.​07.14.​23.​30.​11.07 2 Тұ­щы­құ­дық Х 3 Но­во­бо­гат Х 4 Жан­бай Х 5 На­рын Х 6 За­бу­рын Х 7 Ис­а­тай х
Басқа 25
Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 56 қаулысына 1-қосымша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мекемелер арқылы бөлінетін техникалық қызметкерлердің тізімі № Кәсіпорын, мекемелер атауы Саны Бөліну күні 1 Жайықмұнай–газ өндіру басқармасы 1 01.04.2007ж – 30.06.2007ж. 01.08.2007ж – 30.11.2007ж. 2 Аудандық білім бөлімі 1 01.04.2007ж – 30.06.2007ж. 01.08.2007ж – 30.11.2007ж. 3 Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2 01.04.2007ж – 30.06.2007ж. 01.08.2007ж – 30.11.2007ж.