Аудан азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі және шақыру бойынша әскери қызметінің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 207 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылып:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) шақырушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 27,28 баптарына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Поселке әкімдері:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуын оларды хабардар етуді ұйымдастырсын және шақыру пунктіне уақытылы келулерін қамтамасыз етілуін;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізілуін;
Тармақша 3
3) шалғай жерлерде туратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтілуін;
Тармақша 4
4) азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша дәрігерлік тексеруден өткізілуіне тұрғылықты жерінен, аудандық шақыру учаскесіне келулері мен қайтуларына қажетті толық жабдықталған көлік түрлерімен қамтамасыз етілуі ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Шақырушыларды медициналық куәландыру жөніндегі медициналық комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 5
5. Мақат аудандық емханасына (Б.Оңдасынов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру кезінде комиссия құрамын білікті маман дәрігерлермен орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, шақыру (жиын) пункттерін дәрі-дәрмекпен құрал-сайманмен жабдықтау;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарынан қажетті кереуеттер санын бөлу;
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жастармен емдеу-сауықтыру шарасын жүргізу сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен сауықтыру жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Мақат аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Көшенов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру, шақыру пунктерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Мақат стансасындағы желілік ішкі істер бөлімшесіне (А.Керимов) (келісім бойынша) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп әскерге шақырылушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтар бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Доссормұнайгаз басқармасына (М.Қилыбаев), Мақатмұнайгаз басқармасына (А.Қонысқалиев), Мақат желілік-өндірістік басқармасына (А.Қарабатыр), Мақат локомативтік пайдалану депосына (Қ.Төретаев), Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Ж.Мұқашев) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесі мен жиын пунктінде қызмет атқару үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын 3 қосымшаға сәйкес бөлу;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды жинақтау пунктеріне тасымалдау үшін және шақыру кезеңінде кезекші автокөліктерді 4 қосымшаға сәйкес бөлу;
Тармақша 3
3) осы міндеттерді атқару кезінде жұмыс орнымен атқаратын қызметін және орташа еңбек ақысын сақтау ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Мақат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (И.Мәжікеев) 2007 жылдың бекітілген бюджетіне сәйкес шақыру учаскесінде және жиын пункттерінде аталған тұлғалардың өз міндеттерін атқаруы іс-сапарлармен байланысты болса олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кейін қайтуға, байланысты шыққан шығындардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А.Кенжеғұлов) (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізудің барысы туралы ауданы әкімі аппаратына жүйелі түрде ақпарат беріп отыру ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Аудан аумағындағы азаматтарды 2006 жылдың мамыр-маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» аудан әкімиятының 2006 жылғы 21 сәуірдегі №65 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-7-40 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымда №25 «Мақат-тынысы» газетінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Аудан аумағындағы азаматтарды 2006 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» аудан әкімиятының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі №147 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-7-42 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 13 қазандағы №42 «Мақат-тынысы» газетінде жарияланған).
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғұмаровқа жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткесін қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы А.Кенжеғұлов 24.04.2007 Мақатмұнайгаз басқармасының бастығы А.Қонысқалиев 24.04.2007 Мақат желілік өндірістік басқармасының бастығы А.Қарабатыр 24.04.2007 Мақат стансасындағы желілік ішкі істер бөлімшесінің бастығы А.Керимов 24.04.2007 Мақат аудандық емханасының бас дәрігері Б.Оңдасынов 24.04.2007 Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы С.Мұқашев 24.04.2007 Мақат локомативтік пайдалану депосының бастығы К.Төретаев 24.04.2007 Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Көшенов 24.04.2007 Доссормұнайгаз басқармасының бастығы М.Қилыбаев 24.04.2007
Басқа 31. комиссия мүшелері
Аудан әкімиятының 2007 жылғы «23» сәуір №63 қаулысына 1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясы құрамы Кенжеғұлов Аманжол - Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы; Қартабаев Ерлан Сисенғалиұлы - Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары Рахманова Қамқа - Мейірбике комиссия хатшысы комиссия мүшелері Матжанов Сарсенбай Матжанұлы - Мақат аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы - Мақат аудандық емхана меңгерушісі медициналық комиссия төрайымы
Басқа 32. комиссия мүшелері
Аудан әкімиятының 2007 жылғы «23» сәуір №63 қаулысына 2 қосымша Шақырушыларды медициналық куәландіру жөніндегі медициналық комиссияның құрамы Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы - Мақат аудандық емхана меңгерушісі медициналық комиссия төрайымы Смайлов Кеңес Шмырбайұлы - Дәрігер-хирург медициналық комиссия төрайымының орынбасары комиссия мүшелері Шаудирова Гүлнар Сарыбайқызы - терапевт жасөспірім дәрігері; Ергужиева Алия Шойынбайқызы - тіс дәрігері; Смайлов Кеңес Шмырбайұлы - тері аурулар дәрігері; Мурзабекова Жанар Қуанышқалиқызы - дәрігер окулист, отоларинголог; Шабдирова Ғалия Нәсіпқалиқызы - дәрігер психиатр, неврапотолог; Шонаев Жалғас Магауияұлы - дәрігер рентегенолог Бабилова Бағыланым Тнайқызы - дәрігер фтизиатр; Емшібике - 3 адам;
Басқа 33
Аудан әкімиятының 2007 жылғы «23» сәуір №63 қулысына 3 қосымша Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесі мен жиын пунктінде қызмет атқару үшін техникалық қызметкерлердің қажетті саны № p/c Мекеме кәсіпорын атауы Техникалық қызметкерлер саны Босатылу мерзімі 1 Доссормұнайгаз басқармасы 2 (екі) 2007 жыл сәуір 30 маусым 1 қазан 31 желтоқсан 2 Мақатмұнайгаз басқармасы 2 (екі) 2007 жыл сәуір 30 маусым 1 қазан 31 желтоқсан 3 Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 (екі) 2007 жыл сәуір 30 маусым 1 қазан 31 желтоқсан 4 Мақат локомотивтік пайдалану депосы 2 (екі) 2007 жыл сәуір 30 маусым 1 қазан 31 желтоқсан
Басқа 34
Шақырылушыларды жинақтау пункттеріне тасымалдау үшін және шақыру кезеңінде кезекші автокөліктерді бөлу № p/c Мекеме кәсіпорын атауы Босатылу мерзімі 1 Доссормұнайгаз басқармасы 2007 жыл Сәуір 15 қазан-22 қазан 2 Мақатмұнайгаз басқармасы 2007 жыл Сәуір 15 қазан-26 қазан 3 Мақат локомотивтік пайдалану депосы 2007 жыл Сәуір 29 қазан-31 қазан