Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне, октябре - декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірден № 318 «Әскери қызметінің белгіленген мірзімін атқарған жедел әскери қызметінің әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке кезекті шақыруы туралы» Жарғысына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдеден № 74-ІІІ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына, сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір- мамыр және қазан-желтоқсанда Казақстан Республикасының Қарулы күштерге жедел әскери қызметтке жіберілуін сонымен қатар оқу мекемелерінен шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери казметке шақыру бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметті атқармаған азаматтарды кезекті әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Ауданның азаматтық жастары саңынан әскери-оқыту орындарына талапкерлердің кәсіби іріктеуі жасалсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды және әскери қызметке шақырылғандардың медициналық тексерістерін куәләндіру үшін әскери оқу мекемесіне түсетіндердің берілген құрамын әскери қызметке шақырылғандардың комиссия құрамымен бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық емханасы:
Тармақша 1
1) әскери оқыту орындарына түсетін әскерге шақырушылардың және азаматтардың медициналық қуәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман-дәрігерлерден және орта медициналық персонал құрамынан медициналық комиссия құрылсын;
Тармақша 2
2) медициналық комиссия өткізу үшін аудандық емхананың орны дайындалсын;
Тармақша 3
3) медициналық комиссия керекті дәрі -дәрмек пен құрал-сайманмен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) трахома, туберкулез, жүйке аурулары, терівенерологиялық және басқа аурулар жөнінде есепте тұрған тұлғалардың Шал ақын ауданының қорғаныс бойынша біріккен бөліміне тізімі ұсынылсын;
Тармақ 5
5. Орталық аудандық аурухананың қажет болған жағдайда әскерге шақырушылардың қосымша медициналық зерттеуін қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті санды керует-орны бөлінсін.
Тармақ 6
6. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыруды өткізу үшін аудандық қорғаныс бойынша біріккен бөліміне бөлінген ассигнованиялар шегінде уақытында ақша қаражатының бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ауданның ішкі істер бөліміне:
Тармақша 1
1) Қорғаныс істері бойынша Біріккен бөлімінің тапсыры бойынша облыстық жиналу пунктісіне жинақтық аттандыру кезінде, әскерге шақыру учаскесінде қажетті тәртіп орнату үшін полиция жағасы бөлініп отырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясына селолық округтерден әскери шақырушыларға жолсеркі болу үшін учаскелік полиция инспекторлары бөлінсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылудан бас тартқан тұлғаларды іздеп, әкелу үшін шаралар қолдансын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді
Орталық аудандық
аурухананың бас дәрігері
М.Ш.Байғұлов
2007 жылы 20 сәуір
Шал ақын ауданының
қаржы бөлімінің бастығы
Л.М.Мұхамеджанова
2007 жылы 20 сәуір
Шал ақын ауданының қорғаныс істері
бойынша Біріккен бөлімінің бастығы
С.И.Чепухин
2007 жылы 20 сәуір
Шал ақын ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы
С.К.Шаинов
2007 жылы 20 сәуір
Шал ақын ауданының
аудандық емханасының бас дәрігері
А.Н.Шоқыбаева
2007 жылы 20 сәуір
Басқа 17. Шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2007 жылы 20 сәуір № 51
қаулысына бекітілсін
Шақыру комиссиясының құрамы
Чепухин Сергей Иванович - әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Шал ақын ауданның Қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінің бастығы
Кузичева Елена Петровна - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары
Байғұлов Мамадьяр Шайзадаұлы - медициналық комиссияның төрағасы орталық аудандық аурухананың бас дәрігері;
Исенгужин Әлібек Сәлімұлы - Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Хамзина Ботагөз Түпейқызы - комиссия хатшысы аудандық аурухананың медициналық бикеші