О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2007 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 23-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, Қазақстан Республикасы азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), 1989 жылы туған, сонымен қатар үлкен жастағы шақыруға жарамды, кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды әскери қызметке шақыру заңмен белгіленген уақытта өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып және өткізу үшін шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын: Айдын Жақыпбекұлы Сарсенбинов комиссия төрағасы, "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша); Светлана Ивановна Ферхо комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары; Комиссия мүшелері: Батырбек Сейтқазыұлы Аяғанов "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары (келісім бойынша); Игорь Анатольевич Журавков дәрігер, медицина қызметкерлері жұмысын басқарушы, медицина комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Татьяна Викторовна Турова комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сай бекітілсін (ҚП°).
Тармақ 4
4. "Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша әскерге шақырушыларды тексеруді уақытында және сапалы өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Жеке меншік кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына меншік түріне қарамастан және әскерге шақырушыларды іс-сапардан (демалыстан және т.б.) шақыру, олардың Қызыл Қырандар жағалауы, 37 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесіне уақытында келуге хабардар етуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Меновной ауылдық округінің әкімі әскерге шақырылушылардың шақыру комиссиясына шақырылуын хабарландыруын және келулерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыруды өткізу және ұйымдастыру үшін бағдарламалар әкімгерінің қажетті қаржыландыруын бекітілген бюджет шегінде жүргізсін.
Тармақ 8
8. "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), шақырудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген: "Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 30 наурыз 2007 жыл "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы 30 наурыз 2007 жыл "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы 30 наурыз 2007 жыл