«2007 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
« 2007 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13-ші тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасын, 18-1 бабын іске асыру мақсатында және Алматы облысы Әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 277-ші «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау Тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы келісім-шарттарды жасау «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеметтік Мекемесіне уәкілетті етілсін. З. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік Мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарүлы):
Тармақша 1
1) 2007 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыссыздар есебінде тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін;
Тармақша 2
2) жұмыс берушілердің жұмыссыздарға төлейтін еңбек ақы шығындарының бөлігін өтеу 2007 жылға аудандық бюджетте қарастырылған шектеулі қаржылар есебінен өтесін;
Тармақша 3
3) жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысына төлеген шығындарының бөлігі ай сайын ең төмен еңбек жалақысы мөлшерінде белгіленіп, жұмыссыздардың есеп шоттарына Қазпошта арқылы аударылсын.
Тармақ 4
4. Іле аудандық қаржы бөлімі ( Дүйшенбаева Ләззәт Балиханқызы ) әлеуметтік жүмыс орындарын қаржыландырудың ақшалай қаржысын мезгілінде бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «___» _______2007 жыл «___» _______2007 жыл «___» _______2007 жыл «___» _______2007 жыл «___» _______2007 жыл
Басқа 9
Іле ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «18» сәуір № 4-2129 «2007 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына қосымша Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жүмыс берушілер мен уәкілетті органдар арасында келісім - шарт негізінде, жұмыссыздардың мақсатты топтары үшін құрылады, жұмыс берушілерге жұмыссыздарға төленген еңбек ақы шығындарының бөлігі өтеледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұүйымдастыруды ұсынған жүмыс берушілерді таңдау төмендегі критерийлер арқылы іске асырылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарға арнайы арналған болуы тиіс;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс орны болып табылады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары қолданылмайды;
Тармақша 3
3) жұмыс берушілердің жұмысты икемді кесте арқылы және жартылай жұмыс күнін белгілеп ұйымдастыруына мүмкіндігі бар;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс орындары әлеуметтік жағынан тиімді де пайдалы болуы керек.