О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімі әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру үшін Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айларында 18 жасқа толған ер азаматтар, шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ, сонымен қатар жасы үлкен азаматтарды шақыру құқығының кейінге қалдырылған мерзімінің аяқталғандығына байлнысты әскери қызметке шақырылсын:
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыру, уақтылы тізімге алу, сапалы өтуі үшін аудандық комиссия келесі құрамда құрылсын:
Тармақша 1
1) Қайрат Балташұлы Әбішев – Абай ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Нұрлан Маусымбекұлы Тлесов – Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы, төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Тармақша 3
3) Ержанов Махметұлы Сауқомбеков – Абай ауданы ішкі істер Басқармасы бастығының орынбасары;
Тармақша 4
4) Олег Васильевич Зубков – дәрігер – хирург, комиссияның медициналық төрағасы,
Тармақша 5
5) Людмила Матфеевна Дроздецкая – комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28 баптарын басшылыққа ала отырып өз жұмысын атқарсын.
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясының барлық мүшелері комиссиясың жұмысы уақытында жұмысынан және қызметінен босатылсын.
Тармақ 5
5. Шақыру комиссиясының төрағаы (Қайрат Балташұлы Әбішев) комиссия отырысында мүшелердің толық қатысуын және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының орындалуын қатамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы жоқ болған жағдайда міндетін атқару және шақыруды өткізу, шақыру комиссия төрағасының орынбасарына (Нұрлан Маусымбекұлы Тлесов) жүктелсін.
Тармақ 7
7. Шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізу комиссия төрағасына (Қайрат Балташұлы Әбішев) жүктелсін:
Тармақша 1
1) 8 адамнан тұратын жоғары тәжірибелі дәрігер – мамандар бөлініп, олардың шақыру уақытында орташа жалақылары, жұмыс орындары және атұаратын қызметтері сақталсын.
Тармақша 2
2) Медицналық комисия жұмысы дәрі – дәрмектермен, құрал – саймандармен, медициналық шаруашылық мүлектерімен қамтамасыз етілсін.
Тармақша 3
3) Шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізу үшін алдын алу мекемелеріне жіберілгендерді кезектен тыс қабылдау, осы мақсатта қажетті мөлшерде жіберілгендерді кезектен тыс қабылдау, осы мақсатта қажетті мөлшерде жататын бос – төсек орындар бөлінсін.
Тармақша 4
4) Әскери қызметке шақыру мерзімі аяқталғаннан кейін емделуді қажет ететін азаматтарды емделу мекемелеріне бекіту және келесі шақыруға дейін емдеу жұмыстары жазылсын.
Тармақ 8
8. «Абай қаласы қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар директоры (Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин), «Абай ауданы аудандық медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директоры (Наталья Григорьевна Белан) аудандық емдеу мекемелері шақырылғандардың қажетті анализдері, кеуде қуысы флюорографиясы, жүрек электрокардиограммасы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жоспары бойынша өткізілсін.
Тармақ 9
9. Ауыл және кент әкімдеріне, білім мекемелерінің басшыларына және меншік түріне қарамастан басқада мекемелерге:
Тармақша 1
1) Әскери қызметке шақырылғандарды іс сапардан, демалыстан қайта шақыруды хабарлауды ұйымдастыру және шақыру участігінде уақытында болуын қамтамыз ету;
Тармақша 2
2) Шақарылғандарға толық есептеме жүргізіп, әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу.
Тармақ 10
10. Абай ауданы әкімінің орынбасары (Нина Васильевна Сергеевна), Абай ауданы әкімінің орынбасары (Ібірахым Ісләмқлы Ісләмов), Абай ауданы қаржы бөлімі бастығы (Сайран Әбдуалиұлы Садық), Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабына сәйкес әскери қызметке шақырылғандарға қатысты қаржылық іс – шалаларды өткізу, «Жалпы әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс – шаралар» бағдарламасы бойынша бюджеттегі қарастырылған қаржы көлемінде жүргізілсін.
Тармақ 11
11. Абай ауданы ішкі істер Басқарма бастығы (Айдар Қарсақбайұлы Маханбетов):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына шақыру кезінде шақыру участігіндегі қоғамдық тәртіпті сақтауға жағдай жасалсын;
Тармақша 2
2) 2007 жылдың көктем және күзде Қазақстан Республикасыныңқарулы күштері қатарына шақырудан қашқандарды іздестіру үшін Абай ауданы ішкі істер Басқармасынан үш қызметтер бөлінсін және бекітілсін.
Тармақ 12
12. Шақыру участкесіне тізімге алынуға келмеген азаматтарды жоғары дәрежеде іздестіру үшін құрамына қорғаныс істер бөлімінің жауапты орындаушысы Марат Антонович Оспанов – іздестіру тобының бастығы, Абай ауданы ішкі істер Басқармасының өкілі Төлеген Тоқсамбайұлы Құрмашев және шақыру участігінің коменданттары енгізілсін, іздестіру тобы құрылсын.
Тармақ 13
13. Абай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 14/04 «2006 жылдың сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айларына кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен соң 10 күнтізбелік күндер ағымында күшіне енсін.
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмовқа жүктелсін.
«КЕЛЕСІЛДІ»
Абай ауданы қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қайрат Балташұлы Әбішев
07.10.05
«Абай ауданы аудандық
медициналық бірлестігі»
коммуналдық мемлекеттік
қазынашылық кәсіпорын директоры
Наталья Григорьевна Белан
07.10.05
Абай ауданы ішкі істер
Басқарма бастығы
Айдар Қарсақбайұлы Маханбетов
07.10.05
«Абай қаласы қалалық
орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік
қазынашылық кәсіпорын директроы
Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин
07.10.05