О предоставлении дотации на воду, используемую для полива огородов отдельным категориям граждан, являющимся собственниками частных домов, на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке меншік үйлерінің иесі болып табылатын азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға 2007 жылга жәрдемқаржы беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Екібастүз қалалық мәслихатының (IIІ шақырылған ХХХII сессия) 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» № 407/32 шешіміне сәйкес, түрғындардың әлеуметтік әлжуаз тобын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бау-бақшалары бар жеке меншік үйлерінің иесі болып табылатын зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектерге Жәрдемқаржы алу қүқығы белгіленсін. Саяжай учаскесі және бау-бақшаларымен жеке меншік үйі бар зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер Жәрдемқаржының тек қана бір түріне қүқылы. Бау-бақшаларымен жеке меншігінде екі және одан көп үйі бар зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер тек қана бір бау-бақшасы бар жеке меншік үй бойынша Жәрдемқаржы алуға қүқылы.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суга жәрдемқаржы (бүдан әрі- Жәрдемқаржы) берсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 2 тармағында көрсетілген азаматтардың Жәрдемқаржы алу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келуі қажет.
Тармақ 4
4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектердің есеп шоттарына ақшалай қаржының аударылуын жүргізсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдері қаржыландыру қаланың 2007 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімнің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековага жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.