О предоставлении дотации на поливную воду дачных участков пенсионерам, инвалидам и безработным гражданам на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саяжай учаскесі бар зейнеткерлерге, мүгедектерге және жұмыссыз азаматтарға саяжай учаскелерін суару суына 2007 жылға жәрдемқаржы беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған ХХХП сессия) 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» № 407/32 шешіміне сәйкес және тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз тобын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1."Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.А. Арыстанов) саяжай учаскесі бар зейнеткерлерге, мүгедектер мен жұмыссыз азаматтарға суару суына жәрдемқаржы (бұдан әрі-Жәрдемқаржы) берсін.
Тармақ 1
1. Жәрдемқаржы алуға келесі санаттағы азаматтардың құқығы:
Тармақша 1
1) саяжай учаскесі бар зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) саяжай учаскесі бар барлық топтағы мүгедектер;
Тармақша 3
3) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген, саяжай учаскесі бар жұмыссыз азаматтар (бұдан әрі-жұмыссыз азаматтар) белгіленсін. Саяжай учаскесі бар және жеке меншік үйінің жанында бау-бақшасы бар зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер тек бір ғана жәрдемқаржы түрін алуға қүқылы. Екі немесе одан көп саяжай учаскесі бар зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектер, жұмыссыз азаматтар тек бір ғана пайдаланып отырған саяжай усчаскесіне жәрдемқаржы алуға қүқылы.
Тармақ 3
3. Жәрдемқаржыны алуға үміткер азаматтардың мәртебесін анықтау ушін "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ай сайын салыстыру жұмыстарын жүргізсін. Аталмыш мәліметтерді ағымдағы айдың 1 күніндегі жағдай бойынша тапсыру қажет.
Тармақ 4
4. Жәрдемқаржы суару суы қүнының 50% мөлшерінде берілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының 2 тармағында көрсетілген азаматтарға жәрдемқаржы алу үшін өздерінің саяжай бау-бақшалығына (қоғамдарына) бару және келесі құжаттарды тапсыру қажет.
Тармақша 1
1) 2007 жылға арналған суару суы құнының 50% төленгені туралы түбіртек;
Тармақша 2
2) жеке куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткер куәлігінің көшірмесі немесе мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, немсе "Екібастұз қалассы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекетік мекемесінен жұмыссыздар санатында тіркелгендігі жөнінде анықтама);
Тармақша 4
4) 2007 жылы саяжай учаскесін нақты қолданатыны туралы құжат;
Тармақша 5
5) жер учаскесіне қүқығын куәландыратын құжат.
Тармақ 6
6. Әр айдың 25-не дейін саяжай бау-бақшалығының (қоғамдарының) басшыларына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) ақшалай қаржыны "Қаныш Сәтбаев атындағы арна" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар бөлімшесіне немесе "Екібастүзсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына төлеуді жүргізу;
Тармақша 2
2) судың ақысын төлеген азаматтардың тізімін (1-қосымша), қажетті қүжаттармен қоса жәрдемқаржыға қүқылы азаматтардың өтінішін (2-қосымша) және кассалық кіріс ордерінің көшірмесін немесе "Қаныш Сәтбаев атындағы арна" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Павлодар бөлімшесіне немесе "Екібастүзсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорньша төленген төлем тапсырмасының көшірмесін "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов):
Тармақша 1
1) Жәрдемқаржы алушының суару су қүнының 50 %-ын төлеуі бойынша "Қаныш Сәтбаев атындағы арна" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Павлодар бөлімшесімен (келісім бойьшша) немесе "Екібастүзсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (келісім бойынша) айсайын тексеру жүргізсін;
Тармақша 2
2) суару суын нақты қолдануы бойынша айсайын ақшалай қаражатты аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлемдері қаржыландыру қаланың 2007 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімнің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.