Об определении размеров материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в 2007 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бөленетін материалдық көмек көлемін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұргын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, 2007 жылға арналған аудандық бюджетін жүзеге асыру мақсатында Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына төленетін материалдық көмек ай сайын 230 теңге соммасы көлемінде, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтерге кеткен шығынды өтеуге төленетін материалдық көмек бір рет 12700 теңге көлемінде, электр қуатына жіберілген шығындарды өтеуге ай сайын 486 теңге соммасында белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды аудандық мәслихаттың бюджет, экономика және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияға, аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.