Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре - декабре 2007 года в Шортандинском районе Күшін жойған
Басқа 0
Шортанды ауданында 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмеу мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылдың 17 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шортанды ауданында мерзімді әскери қызметке және әскерге жіберу 2007 жылғы сәуірден маусымға дейін және қазаннан желтоқсанға дейін 1989 жылы туған және шақыру мерзімін ұзарту уақыты аяқталған шақыру жасы үлкен азаматтарды шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 3
3. 2007 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі 2 қосымшаға және 2007 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру кестесі 3 косымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Шақыруды жүргізу уақытына Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі карай ММ) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бес адамнан тұратын техникалық қызметкерлерді (келісімі бойынша) бөлсін.
Тармақ 5
5. Селолық (ауылдық) округтер, Шортанды, Жолымбет және Научный кенттерінің әкімдері, ұйымдар басшылары , ауданның оқу бөлімдерінің басшылары шақыру комиссиясына шақырылушылардың келуін және оларды автокөлікпен шақыру пунктіне жетуін, шақыру комиссияларының кестесіне сәйкес облыстық бақылау медициналық комиссиясына, әскерге жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруды жүргізу үшні шақыру пунктін қажетті тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналык персоналмен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясын қажетті медициналық мүліктер және құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды тексеру үшін рентген үлдірлерінің резервінің барлығы.
Тармақ 7
7. Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» ММ (келісімі бойынша) азаматтарды стационарлық тексеруді жүргізу үшін мақсатты тағайындаудағы қажетті төсек санын бөлсін.
Тармақ 8
8. Ақмола облысының ішкі істер Департаментінің «Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне бұрын сотталған, қылмыстық жазасын өтеп жатқан, қоғамға жат және басқа қылмыстары үшін сот және тергеу жүріп жатқан шақырылушылар туралы хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылғандарды шақыру уақытына және әскерге жіберу уақытына шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен жалтарушы тұлғаларды іздеуді жүргізсін;
Тармақ 9
9. Шортанды ауданының «Қаржы бөлімі» ММ шақыруды жүргізуді қаржыландыруды 2007 жылға көзделген жергілікті бюджет көлемінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Шортанды ауданы әкімдігінің «2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» 2006 жылдың 24 мамырындағы № А-3/103 Шортанды ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 16 маусымында №1-18-20 тіркелген, аудандық «Вести» газетінде 2006 жылдың 1 шілдесінде №26 санында жарияланған қаулысы, Шортанды ауданы әкімдігінің «2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» 2006 жылдың 24 мамырындағы № А-3/103 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылдың 29 қыркүйегіндегі №А-5/154 Шортанды ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 24 қазанында №1-18-24 тіркелген, аудандық «Вести» газетінде 2006 жылдың 11 қарашасында №45 санында жарияланған қаулысы күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы 2007 жылдың 19 сәуірінде туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Азденбаеваға жүктелсін.
Тармақ 13
13. Қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан өткен соң қолданыска кіреді.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Шортанды ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «31» 05 №А-2/80
қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Асылбеков Ержан Сансызбайұлы капитан, Шортанды ауданының қорғаныс істері бөлімінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы
Рыскелдинов Қайыр Өмірсадықұлы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясының төрағасының орынабасары
Қожамсейітов Ахмедия Шабдарұлы полиция подполковнигі, «Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің Шортанды Ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орынбасары
Загоруля Наталья Васильевна дәрігер-терапевт, «Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» ММ, медициналық комиссияның төрайымы
Салқынбай Сәулегүл медбике, Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды аудандық емханасы» МКҚК, аудандық шақыру комиссиясының хатшысы
Басқа 21. 2007 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Қосымша 2
Шортанды ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «31» 05 №А-2/80
каулысымен бекітілді
2007 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
п/п
Селолық округтер және кенттердің атауы
Азаматтар саны
Шақыруды өткізу күндері
20 сәуір 2007
23 сәуір 2007
24 сәуір 2007
25 сәуір 2007
26 сәуір 2007
27 сәуір 2007
28 сәуір 2007
1
Андреевка
12
12
2
Дамса
35
35
3
Бозайғыр
51
30
21
4
Жолымбет
56
28
28
5
Казцик
15
15
6
Научный
6
6
7
Новокубанка
16
16
8
Петровка
11
11
9
Раевка
17
17
10
Пригородное
7
7
11
Новоселовка
8
8
12
Шортанды
76
8
12
39
14
3
итого
310
50
50
50
50
50
50
10
Басқа 22. 2007 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Қосымша 3
Шортанды ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «31» 05 № А-2/80
қаулысымен бекітілді
2007 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
№
п/п
Селолық округтер және кенттердің атауы
Азаматтар саны
Шақыруды өткізу күндері
01 қазан 2007
02 қазан 2007
03 қазан 2007
04 қазан 2007
05 қазан 2007
08 қазан 2007
09 қазан 2007
10 қазан 2007
11 қазан 2007
12 қазан 2007
1
Андреевка
20
20
2
Дамса
49
30
19
3
Бозайғыр
65
24
41
4
Жолымбет
60
30
30
5
Казцик
31
31
6
Научный
6
6
7
Новокубанка
28
28
8
Петровка
29
29
9
Раевка
26
26
10
Пригородное
19
19
11
Новоселовка
26
26
12
Шортанды
126
20
22
21
20
5
3
35
итого
485
50
50
50
50
50
50
50
50
50
35