О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында әскер жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы «17» сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы №623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ережелері» туралы қаулысына сәйкес негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегізден бастап жиырма жеті жас аралығындағы ұлдар әскерден кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылған азаматтар, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған, оқу орындарынан шығарылған және де әскерге шақырылу бойынша белгіленген әскери қызмет мермізін өтемеген азаматтар 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын
Тармақ 2
2. Мына құрамда, қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру пунктінде жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес кейінге қалдыру және әскерге шақырылудан босатылу туралы қабылданған шешімдердің заңдылығын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орнына түсетін үміткерлерді медициналық куәлендіруден өткізу үшін аудандық емхананың бастығы Г.Т.Сағандықоваға (келісім бойынша) ұсыныс жасалсын: мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар дәрігер-мамандарды және орташа медициналық персоналды қажетінше бөлуге; шақыру комиссиясын қажетті медициналық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге.
Тармақ 6
6. Әскерге шақырылушыларды стационарлық қараудан өткізу үшін орталық аудандық аурухананың бас дәрігері В.В.Уваровқа аудандық ауруханадан орын бөлінуін қарастыруға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 7
7. Селолық округтердің әкімдері әскерге шақырылушыларды жеке шақыру парағында көрсетілген мерзімде әскери қызметті өтеуі туралы хабардар етіп, олардың келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру науқаны кезінде: қашық жерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өткізу, оларды әскери қызметті өтеуге жіберу үшін ПАЗ -672 автобусын қамтамасыз етсін; қызмет көрсету және техникалық жұмысшыларымен қажетті құрамда камтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Мағжан Жұмабаев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Д.Б. Ғабдуллинге (келісім бойынша): әскерге шақыру кестесін әзірлеп, бекіту үшін ұсынсын; әскерге шақыру аяқталған соң әскерге шақыру қорытындысы туралы аудан әкіміне ақпарат берсін.
Тармақ 10
10. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Қ. Мұқатановқа (келісім бөйынша) әскери қызметке шақырылудан жасырынып жүргендерді шақыру пункітіне жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери бөлімге жіберу және шығару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмысшылардың сонымен қатар қызмет көрсетуші персоналдың өз міндеттерін атқару кезінде жұмыс орыны, лаузымы және еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 12
12. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы М.И. Омарова бөлінген каражат шегінде әскерге шақыру науқанын мерзімінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Қаулы алғашқы ресми басылған күннен бастап заңды күшіне енеді. Келісілді Қорғаныс істер жөніндегі аудандық бөлімінің бастығы Д.Ғабдуллин 18.04.2007 ж. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Мұқатанов 18.04.2007 ж. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Сағандықова 18.04.2007 ж. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері В.Уваров 18.04.2007 ж.
Басқа 14. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуір № 91 «2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында әскер жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Ғабдуллин Дулат Бекейұлы - ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Бражник Галина Николаевна - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Нұрпейісов Манарбек Хайыртайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Учайкина Галина Васильевна - аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Оспанова Алтын Амантайқызы - емхананың медициналық статисі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Шақыру крмиссиясы мүшелерінің кейбіреулері өз міндеттерін атқаруға мүмкіндіктері болмаған жағдайда, резервтік комиссия құрылсын: Егоров Александр Петрович - шақыру және шарт бойынша әскери қызметшілерді жинау жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Герасимова Ираида Ивановна - ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Белокурова Татьяна Петровна - аудандық емхананың терапевт дәрігері (келісім бойынша) Шонанаев Тоқтар Қапанайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция мойоры (келісім бойынша) Кудрявцева Валентина Николаевна - аудандық орталық аурухананың физиокабинетінің мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)