Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в период с апреля по июнь и с октября по декабрь 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2007 жылы сәуір мен маусым және қазан мен желтоқсан аралығында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Кезекті мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2007 жылдың сәуірі мен маусымында және қазан мен желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» жарлығына, Ақмола облысы әкімдігінің «Азаматтарды 2007 жылы сәуір мен маусым және қазан мен желтоқсан аралығында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2007 жылдың 30 сәуіріндегі № А-5/948 қаулысына, Ақмола облысының әділет департаментінде №3221 2007 жылдың 17 мамырында тіркелген, ҚР «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-і бабына сәйкес 1989 жылы туылған және мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру уақыты аяқталған әскерге шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу үшін, жоспарлы және ұйымдасқан "жағдайда дәрігерлік тексерістен өткізу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына жөнелту үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Аршалы ауданы Аршалы кенті Писарев көшесі 52-ші үй мекен-жайындағы шақыру участкесінде әскерге шақыру ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының құрамы құрылсын.
Тармақ 3
3. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы 2007 жылғы сәуір - маусым және қазан - желтоқсан аралығында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізсін және ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасына, әскерге шақыру комиссиясының кұрамының толық болмау жағдайына жол бермесін.
Тармақ 5
5. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына, Аршалы аудандық орталық ауруханасы қажетті дәрігер- мамандар және орта медицина қызметкерлерін қажетті медициналық құрал- жабдықтармен және шаруашылық мүліктерін бөлсін. Әскерге шақырушыларға қосымша тексерулер жүргізу үшін, аурухана бөлімдерінде бос төсек орындар болуы керек. Әскерге шақырылушыларды дәрігерлік тексеру, Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгілеген мерзімде денсаулық жағдайын тексеру актісін түзу арқылы өткізілсін.
Тармақ 6
6. Меншік түріне қарамастан аудандық оқу орындардың және мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары ҚР «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңын негізге алып келесіні орындау:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды іс сапарлардан (демалыстардан) шақырып алу, оларды хабардар етуді ұйымдастыру және шақыру пунктіне уақытылы келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру, стационарлық тексеріс және емханалық анализден өткізу үшін жұмыстан босатылсын;
Тармақша 3
3) міндетті әскери қызметке шақырылған азаматтармен жөнелтілуге дейін толық есеп-айырысу жасау және олардың әскери бөлімдерге шығарып салуын қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Аршалы кентінің және ауылдық аймақтардың әкімдеріне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандығы жөнінде хабардар ету.
Тармақша 2
2) олардың Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің көрсеткен күндерінде әскерге шақыру комиссиясына уақытылы келуін қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына шығарып салу рәсімін салтанатты түрде өткізу.
Тармақ 8
8. Аршалы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығына қоғамдық жұмысшылар бөлу туралы әлеуметтік бағдарлама бөлімімен (келісім бойынша) шарт жасасын.
Тармақ 9
9. Аршалы ауданының ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылушының бұрын сотталғаны, қылмыстық мерзімін өтеп келгендігі немесе тергеуде жүргендігі жөнінде мағұлмат беру.
Тармақша 2
2) әскерге шақыру кезеңінде және ҚР Қарулы Күштері қатарына жөнелту кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін қолдау.
Тармақша 3
3) әскерге шақыртылғандардың әскери міндеттерін орындаудан жалтарғандарын іздестіру істерін жүргізу.
Тармақ 10
10. Аршалы ауданының әділет Басқармасының бастығына ҚР «Әскери міндет және әскери қызмет» туралы заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес Аршалы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне әскерге шақырушылардың тегін, аты-жөнін, туылған күні мен мекен-жайын өзгертуі туралы, сонымен бірге әскерге шақырылушының некеге тіркелгені немесе қайтыс болуы туралы ақпарат берілсін.
Тармақ 11
11. Азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі шараларды орындау үшін болған шығындарды аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 12
12. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына 2007 жылғы сәуір-маусым аралығында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы туралы 2007 жылдың 25 маусымында және 2007 жылдың қазан-желтоқсан аралығындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы туралы 2007 жылдың 25 желтоқсанында ақпарат берсін.
Тармақ 13
13. Осы Аршалы ауданы әкімдігі қаулысының күші 2007 жылдың 20 сәуірінен бергі орын алған қүқықтық қарым-қатынастардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Қаулы Ақмола облысы Аршалы ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін және жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін.
Басқа 25. Шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің «Азаматтарды 2007 жылғы сәуір мен маусым және қазан мен желтоқсан аралығында кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007ж.18.05 № А-272 қаулысына қосымша Шақыру комиссиясының құрамы Асылбеков Нұржан Төлеужанұлы - капитан, Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы Ахметов Балықбай Әуезханұлы - Аршалы аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының орынбасары Комиссия мүшелері: Закарин Дәуренбек Шұғайұлы - полиция майоры, Аршалы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Демидович Людмила Николаевна - терапевт, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша) Төлеубаева Роза Олжабайқызы - медбике, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)