Об определении целевых групп населения и мер по содеиствию их занятости и социальной защите в 2007 году по Буландынскому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылда Бұланды ауданы бойынша халықтың мақсатты тобын анықтау, оларды жұмысқа орналастыруға көмектесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, мақсатты топтар құрамына кіретін әрі әлеуметтік қорғауға мейлінше мұқтаж адамдардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мақсатты топтарға жататын адамдардың тізбесі басшылыққа алынсын.
Тармақ 2
2. Мақсатты топқа жататын адамдар жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсынылып отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мақсатты топтарға жататын адамдардың тізбесі келесі санаттағы адамдармен толықтырылсын:
Тармақша 1
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін азаматтар (1 жылдан астам);
Тармақша 2
2) 24 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 4
4. Макинск қаласы мен селолық округ әкімдері «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге мақсатты топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жұктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Бұланды аудандық аурухана мемлекеттік мекемесінің бас дәрігер Ғ.Қ.Сәдуақасов «Буланды аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Т.Шахатов «Бұланды аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы Б.Қ.Әйтімова «Бұланды аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігері О.Г.Букарь «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі К.Н.Исмағамбетова Аудандық пошта байланысы торабының бастығы Н.Н.Ларионова
Басқа 9
Бұланды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24.05 №а-5/101 қаулысымен бекітілген Мақсатты топқа жататын адамдар жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі № Кәсіпорындар мен ұйымдар атауы Барлығы Табысы аз адамдар 21 жасқа дейінгі жастар Балалр үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен қараусыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар Жалғыз және көп балалы, кәмелетке толмаған баласы бар ата-аналар Асырауында күтуді қажет ететін адамы бар азаматтар 1 2 3 4 5 6 7 8 1 «Металлист» ЖШС 2 1 2 1 8 2 Макин «Элеватор» ЖШС 40 10 6 2 2 3 Макин «Құю-механикалық зауыты» ЖШС 45 140 1 1 4 4 Бұланды «Тас карьері» ЖШС 30 8 5 Бұланды аудандық «Денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2 6 Фирма «Нанар» ЖШС 20 3 жалғасы: Зейнеткерлік жасқа таяған адамдар (2 жыл қалған) Мүгедектер ҚР ҚҚ қатарынан босаған адамдар Жазасын өтеген және мәжбүрлі емдеуден келген адамдар Оралмандар Көп уақыт жұмыс істемеген (1 жылдан астам) адамдар 24 жасқа дейінгі жастар 9 10 11 12 13 14 15 2 5 2 5 4 1 6 2 3 1 2 5 5 1 1 5 2 5 5 7 Макин құрылыс материалдары зауыты - «Синергия»ЖШС 16 5 1 1 5 2 2 8 Аудандық пошта торабы 3 2 1 9 Аудандық білім бөлімі 60 10 5 5 2 1 1 3 8 6 19 10 Бұланды аудандық ауруханасы мемлекеттік мекемесі 32 8 4 4 8 8 11 «Бұланды аудандық емханасы» МКҚК 12 3 1 5 3 БАРЛЫҒЫ 262 60 14 2 23 4 3 3 22 3 29 46 53 ЖШС - жеке шаруашылық серіктестігі ММ - мемлекеттік мекемесі МКҚК - мемелекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны