2007 жылға арналған төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 37 бабының 8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін орындау мақсатында, ¥лан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінде төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып ,¥лан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыз адамдар 21024000 (Жиырма бір миллион жиырма төрт мың) теңге көлемінде төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес бағытталсын (№1қосымша ).
Тармақ 2
2. «¥лан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауылдық округтер және кенттер әкімдері еңбек нарқының ерекшеліктерін және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін есептей отырып, жұмыс іздеуде қиындық көрген адамдарға арналған жоспардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған нысаналы топтар тізімі бекітілсін(№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Төлемді қоғамдық жұмыстар түрінің тізімі бекітілсін (№3 қосымша).
Тармақ 5
5. ¥лан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 «2007 жылға арналған төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу № 5-17-54, 2007 жылы 10 ақпанда «¥лан таңы» аудандық газетінде жарияланған).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсіңі
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2007 жылғы 11 маусымнан бастап күшіне енеді. Келісілді: ¥лан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А. Калетаев ¥лан аудандық әділет басқармасының бастығы Н. Тойбазарова ¥лан аудандық мұрағат мүдірі Т. Айтуаров Асубулак учаскелік ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Д. Райымбекова
Басқа 8
¥лан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы«7» маусымдағы № 912 қаүлысына №1 қосымша ¥лан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміның А.Ибраимова
Басқа 9. Нысаналы топтар тізбесі.
¥лан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «7» маусымдағы № 912 қаулысына № 2 қосымша Нысаналы топтар тізбесі. - тұрмыс жағдайы төмен отбасы; - 21 жасқа дейінгі жастар; - балалар үйінде тәрбиеленетіндер, жетім балалар, ата-анасыны қамкорынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; - кәмелетке толмаған бала тәрбиелейтін жалғыз басты, көп балалы ата-аналар; - Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген, қамкорлықтарында үнемі күтім, көмек қажет ететін тұлғалары бар азаматтар; - зейнеткер жасына дейінгі ( зейнеткерлікке екі жыл қалган) ; - 50 жастан асқан тұлғалар; - мүгедектер; - Қазақстан Республика қарулы күштер қатарынан шығарылган тұлғалар; бас бостандығынан босатылып шыққан азаматтар және еріксіз түрде емделуге барып келгендер; - бас бостандығынан айырылмай, жазаға тартылғандар; - оралмандар; - жазғы демалыс кезеңіндегі тұрмысы төмен отбасыларының 14 пен 18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен студенттер; - кәсіби бастапқы, орта және жоғары білім орындарын бітірушілер. «¥лан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ибраимова
Басқа 10. Төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
¥лан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «7» маусымдағы № 912 қаүлысына №3 қосымша Төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық- коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Жол жөндеу, су, газ құбыры, канализациялық коммуникациялар төсеу бойынша қосалқы жұмыстар
Тармақ 3
3. Медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек
Тармақ 4
4. Мелиорация жұмыстарына, су тасқынына қарсы шара өткізуге, үлкен және кіші көпірлерді, өзендерді тазалауга қатысу
Тармақ 5
5. Әлеуметтік- мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары.
Тармақ 6
6. Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық аймақтарын қалпына келтіру.
Тармақ 7
7. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту.
Тармақ 8
8. Мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруга көмек көрсету (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар, халық шығамашылығының байқауы және тагы басқалар, тұрғылықты жер бойынша балалар мен жасөспірімдердің демалуын ұйымдастыру).
Тармақ 9
9. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, халық санағын, әлеуметтік сұрауларга, шаруашылық кітаптарды өткізуге, әскери комиссариаттарда, салық органдарында, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу.
Тармақ 10
10. Малды, кұсты бордақылауға, көкөніс және дәнді дақылдар өсіру жөнінде маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар .
Тармақ i
11. Мал дәрігерлік санитарлық- профилактикалық шараларға қатысу.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес жүргізу.
Тармақ 13
13. Ауру және қарт адамдарды күту .
Тармақ 14
14. Құқық тәртібін және объектілерді оның ішінде саяжай учаскелерін қорғау.
Тармақ 15
15. Мерзімдік жылыту жұмыстары.
Тармақ 16
16. Баспасөз басылымдары мен жазбаша корреспенденцияларды жеткізу.
Тармақ 17
17. Үй- жайларды, баспалдақтарды және үйлердің өтетін жерлерін тазалау.
Тармақ 18
18. Азық түлік тауарларын шығару және сату.
Тармақ 19
19. Халық тұтынатын тауарларды шығару және сату.
Тармақ 20
20. Наубайханаларда, асханаларда, мектеп асханаларында қосалқы жұмыстар.
Тармақ 21
21. Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және мемлекеттік мекемелердің мамандарын мемлекеттік тіліне оқыту.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік жәрдемақы алуға және экологиялық кұжаттарды қайтадан тіркеу жұмыстарына қатысу.
Тармақ 23
23. Жұмысттардың басқа түрлері. ¥лан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ибраимова