О ставках разовых талонов для лиц, занимающихся реализацией товаров на рынках, ставках разовых талонов для физических лиц, осуществляющих деятельность эпизодического характера на 2007 и последующие годы, ставках ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории района Күшін жойған
Басқа 0
Базарларда тауар өткізумен айналысатын тұлғалар үшін бір реттік талондардың мөлшерлемелері, мерзімдік сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондардың 2007 және одан арғы жылдарға мөлшерлемелері, аудан аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынга төлем мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабына, 491 бабының 2 тармағына сәйкес, Жамбыл ауданы бойынша салық комитетінің хронометраждық тексерістері нәтижелерінің негізінде аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы базарларында тауар өткізумен айналысатын тұлғалар үшін бір реттік талондардың 2007 және одан арғы жылдарға мөлшерлемелері 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жамбыл ауданы бойынша мерзімдік сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондардың 2007 және одан арғы жылдарға мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жамбыл ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынға төлем мөлшерлемелері 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 қаңтардағы «Бір реттік талондардың құнын белгілеу туралы» № 3/26, «Стационарлық сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру құқығына 2006 жылға арналған төлемді белгілеу туралы» № 4/26 2006 жылғы 7 маусымдағы «Мерзімдік сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондардың құнын белгілеу туралы» № 10/30 шешімдер күштерін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жамбыл ауданының қолданыстағы базарларында тауар өткізумен айналысатын тұлғалар үшін бір реттік талондардың 2007 және одан арғы жылдарға мөлшерлемелері
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 6/38 шешіміне
№ 1 қосымша
Жамбыл ауданының қолданыстағы базарларында тауар өткізумен айналысатын тұлғалар үшін бір реттік талондардың 2007 және одан арғы жылдарға мөлшерлемелері
Өткізілетін тауарлардың атауы
Бір реттік жиынның бір күнгі мөлшерлемесі АЕК-ке %
1. Азық-түлік тауарлары саудасы (көкеніс, жеміс және сүт өнімдерінен басқа)
Сөреден сауда
24
Көкеніс, жеміс және сүт өнімдерін сату
Қолдан сауда
7
Сөреден сауда
24
Балық сату
12
Ет өнімдерін сату
24
2. Халық тұтынатын тауар саудасы
Қолдан сауда
7
Сөреден сауда
24
3. Қосалқы бөлшектер сату
32
Басқа 7. Жамбыл ауданы бойынша мерзімдік сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар үшін бір реттік талондардың 2007 және одан арғы жылдарға мөлшерлемелері
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 6/38 шешіміне
№ 2 қосымша
Жамбыл ауданы бойынша мерзімдік сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар үшін бір реттік талондардың 2007 және одан арғы жылдарға мөлшерлемелері
Іске асырылатын тауарлардың атауы
Бір реттік алымның бір күнгі мөлшерлемесі АЕК-ке %
Мал бағу
5
Балсату
7
Басқа 8. Жамбыл ауданы аумағында стационарлық сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру құкығына 2007 және одан арғы жылдарға ай сайынғы төлем мөлшерлемелері
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 6/38 шешіміне
№ 3 қосымша
Жамбыл ауданы аумағында стационарлық сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру құкығына 2007 және одан арғы жылдарға ай сайынғы төлем мөлшерлемелері
Іске асырылатын тауарлардың атауы
Бір реттік алымның бір күнгі мөлшерлемесі АЕК-ке %
Сыртқы жарнама мен ақпараттың 2 шаршы метрге дейінгі объектісі (жердегілер, қабырғадағылар, шатырда орнатылғандар (лайтбокстар)
30
Сыртқы жарнама мен ақпараттың 2,1 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі объектісі (жердегілер, қабырғадағылар, шатырда орнатылғандар (лайтбокстар)
30