Об утверждении распределения средств на финансирование оценки и экспертизы концессионных проектов на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 34-бабына және "Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау" бағдарламасы бойынша көзделген концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлу бекітілсін.
Тармақ 2. 2007 жылға арналған концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлу
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 шілдедегі
N 515 қаулысына
қосымша
2007 жылға арналған концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлу
Р/с
N
Концессия объектісінің атауы
Концессиялық
жобаларды
бағалауды
және
сараптауды
қаржыландыру
көлемі
(мың теңге)
1
2
3
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
1.
"Маңғышлақ - Баутино" темір жол учаскесі
29 880,0
2.
"Ералиев - Құрық" темір жол учаскесі
29 880,0
3.
"Мақат - Қандыағаш" темір жол
учаскесін электрлендіру
29 880,0
4.
"Қорғас - Жетіген" темір жол учаскесі
29 880,0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
5.
Ақтөбе облысының Қандыағаш
қаласындағы газ турбиналық электр
станциясы
2 640,0
6.
Атырау облысындағы интеграцияланған
мұнай-химия кешенін инфрақұрылымдық
қамтамасыз ету объектілері
250 357,0
Маңғыстау облысының әкімдігі
7.
Ақтау халықаралық әуежайының
жолаушылар терминалы
100 080,0
Жиыны:
372 517,0