Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа жіберу және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылғы сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, шақыру жылында жасы он сегізге толған, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтен қалдыру үшін берілген мұрсат мерзімі өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын жыл сайынғы әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы капитан Р.Н. Шәкерхановқа (келісімі бойынша) 2007 жылғы қазан - желтоқсан айларында мұрсат мерзімге құқығы жоқ немесе шақырудан босатылмаған, он сегіз жастан бастап жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ оқу орнынан шығып қалған, жасы жиырма жетіге толмаған және белгіленген мерзімді әскери қызметін өтемеген ер азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Мына мекен-жайда шақыру пункті ұйымдастырылсын: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 3 үй.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыруды өткізу үшін қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық аурухананың бас дәрігері Ғ.Қ.Садуақасовқа (келісімі бойынша) әскери кызметке шақыру кезінде азаматтарға медициналық куәландыру жүргізуді, дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтердің әкімдері, ұйым басшылары мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын барлық азаматтарға шақыру қағаздарын табыс етсін, іссапарлардан (демалыстан) шақыртсын, оларға хабарлауды және дер кезінде шақыру учаскесіне келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.А.Изимовқа (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Бұланды аудандық қорғаныс істері бөлімімен бірлесіп шақыру комиссиясының жұмысы кезінде шақыру пунктінде және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына атқару кезінде жиын пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге байланысты бірлескен іс- шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) әскери қызметтен жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) әскери қызметтен жалтарған адамдарды шақыру пунктіне жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 19 мамырда №1-7-30 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы» газетінің 2006 жылғы 23 маусымдағы №25 санында жарияланған «Азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі №а-4/71 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Бұланды ауданының Әділет басқармасында тіркелген соң күшіне енеді және «Бұланды жаршысы» аудандық газетінде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұланды ауданының әкімі Н.Ә.Ережепов КЕЛІСІЛДІ Бұланды Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Р.Н.Шәкерханов 16.07.07. ж. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.А.Изимов 16.07.07. ж. Аудандық аурухананың бас дәрігері Ғ.Қ.Садуақасов 16.07.07. ж.
Басқа 13. Комиссия мүшелері:
Аудан әкімдігінің 16.07. 2007 жылғы № а-7/147 қаулысына қосымша Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Шәкерханов Руслан Нүсіпханұлы - Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша) Салий Владимир Иванович - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Апсаметов Еркеш Құсманұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісімі бойынша) Садуақасов Тайбасар Төлегенұлы - аудандық аурухана хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша) Қанаева Таңсық Ғалымжанқызы - аудандық емхананың медициналық статисі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)