2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусым және
қазан-желтоқсан айларында мерзімді
әскери қызметке кезекті шақыруды
өткізу туралы
ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын, 2007 жылдың сәуір-маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылдың 17 сәуір №318 Жарлығына сәйкес, 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақытылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына 18-ден 27 жасқа толған әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуы жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Сүйеубаев Қуаныш Жұмабекұлы – комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
Төреева Қаным Қыдырбайқызы – комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкім аппаратының бас маманы,
Комиссия мүшелері:
Биманов Серікқали Тәжіғалиұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Шалабаева Гүлшат Бақытқызы – аудандық емхананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Алекеева Бағиля Жиғанғалиқызы – комиссия хатшысы, емхананың жасөспірімдер мейірбекесі.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары Қ.Төрееваға село, поселке әкімдері, ішкі істер қызметкерлерін аудандық емхананың бас дәрігерін шақыруға қатысты кәсіпорын, мекеме басшыларын қатыстыра отырып, нұсқаулау-ұйымдастыру кеңесін өткізу тапсырылсын.
Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаеваға аудандық медициналық комиссияның (қосымша) қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша жеткілікті мөлшерлерде бұрын шақыру комиссиясының құрамында жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлермен, құралдармен, желеңдермен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Досқалиев Тарғын Ермекбаевич (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңының 44 бабына сәйкес әскери міндетін өтеуден қашып, іздеуде жүрген азаматтарды жеткізіп беруін қадағалау, дәрігерлік комиссияның кезінде және әскер қатарына шақырылған азаматтарды облыстық жиын пункіне жіберілу кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде қоғамдық тәртіпке қадағалау үшін қызметкерлер бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаеваға:
Тармақша 1
1) әскери шақырылған азаматтардың флурографиядан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2) әскерге шақырылған азаматтардың өкпе (туберкулез), трахома, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының тізімін, дәрігерлік бақылау мен диспансерлік байқаудың мәліметтерін табыс ету;
Тармақша 3
3) комиссияның маман дәрігерлерін қажетті аспаптармен, рентген пленкамен,флюропленкамен, электрокардиография арналған қағазбен қамтамасыз етсін.
Тармақша 4
4) әскерге шақырылғандардың комиссиядан өту кезінде оларға қажетті егу жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Аудандық мәдениет үйінің бастығы Р.Жолдыбаеваға:
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен келісе отырып, әскер қатарына шақырылатын азаматтардың салтанатты түрде соғыс ардагерлермен, Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтармен кездесуін ұйымдастырылсын.
Тармақ 8
8. Село поселке әкімдері меншік нысандарына қарамастан мекемелердің, ұйымдармен оқу орындарының басшылары, әскерге шақырушылар шақыру комиссиясынан өтуге қажетті мезгілге жұмыстан (оқудан) босатылсын, әскерге шақырушылар іс сапардан, еңбек демалысынан кері шақырылап алынсын және әскери есеп мамандары немесе кадр бөлімі қаулының басшылығымен олардың уақытыла келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қ.Сүйеубаев (келісім бойынша) әскерге шақыру бойынша қортынды хабарламаны аудан әкіміне 2007 жылдың маусымының 25 дейін хабарласу ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
А.С.Досанова
Аудан әкімінің орынбасары
05.07.2007 ж.
Қ.М.Маңғыбаев
Аудан әкім аппаратының жетекшісі
05.07.2007 ж.
Г.А.Кірпібаева
Аудан әкім аппаратының заңгері
05.07.2007 ж.
Г.Б.Шалабаева
Аудандық емхананың бас дәрігері
05.07.2007 ж.
Т.Е.Досқалиев
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
05.07.2007 ж.
Қ.Ж.Сүйеубаев
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы
05.07.2007 ж.
Басқа 16. Тізімі
Аудан әкімдігінің
05.07.2007 жылғы
№ 93 санды қаулысына
қосымша 1
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге дәрігерлік сараптамадан өткізуге таратылатын дәрігер мамандардың
Тізімі
1.Терапевт-Мусин Ерлан Сақтағанұлы
2.Тері –мерез ауруларының маманы-Ерманова Гүлшат Ақбердіқызы
3.Тіс-дәрігері-Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы
Тармақ 4
4. Оташы-Қалмұратов Қанат
Тармақ 5
5. Неврапатолог-Богерова Сәнімжан Нұрғалиқызы
Тармақ 6
6. Фтизиатр-Қани Кенжеғали Тәжіғалиұлы
Тармақ 7
7. Лор-Үрбисинова Гүлжихан Мекейқызы
Тармақ 8
8. Көз-дәрігері-Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы
Жетіспейтін маман – дәрігерлерді сұраныс бойынша Маңғыстау облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен сұрастыру.
Басқа 22
Аудан әкімдігінің
05.07.2007 жылғы
№ 93 санды қаулысына
қосымша 1
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскер қатарына шақырылатын азаматтардың уақытына келуін қамтамасыз ететін іздестіру тобы
№
Тегі, аты-жөні, лауазымы
Мекен аты
Ескерту
1
Меңдібаев Сәрсенғали Жукенович-ефрейтор
Қорғаныс істер жөніндегі бөлім
2
Қалсейітұлы Нұрбол- лейтенант
Ішкі істер бөлімі