2007 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «2007 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек туралы» Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның қаржы бөлімі бюджеттік қаражат шеңберінде әлеуметтік төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.