Об оказании в 2007 году единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко Дню пожилых людей Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылы Қарттар күніне азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 1- тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 10 қантардағы 37 сессияяының № 37/4 «Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 36 сессиясының № 36/6 «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы » шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8-3-31 нөмірмен тіркелген) шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарттар күніне азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңында көрсетілгендерге, 2007 жылы 75 жасқа толатындарға және одан үлкендерге;
Тармақша 2
2) барлық топтағы мүгедектерге, 2007 жылы 75 жасқа толғандароға және одан үлкендерге.
Тармақ 2
2. «Теміртау қаласысың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бқлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталыгының Теміртау филиалындағы 2007 жылғы 1 тамыздағы базамен салыстырған тізім бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына біржолға материалдық көмекті төлеуді жүргізсін;
Тармақша 2
2) көрсетілетін материалдық көмектің көлемі қалалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына байланысты белгіленсін;
Тармақша 3
3) көрсетілетін материалдық көмектің уақытылы белгілеуді және төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Темиртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күндізбелік күн өткен соң күшіне енеді.