6. 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат
өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша
іс-шаралар жоспары
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2007 жылғы
" 4 " қыркүйектегі № 233
қаулысымен бекітілді
2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат
өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша
іс-шаралар жоспары
N
р/с
Іс - шаралардың атауы
Аяқталу
нысаны
Орындау үшін жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
2
3
4
5
1
Шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылымдар мен шабындықтарында бидайдың түбін, сабанды және басқа да өсімдіктердің қалдықтарын өртеуді жүргізулері үшін бақылау жасауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Қалалар мен аудандар әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша), ІІД (келісім бойынша), АШД
2007 жылғы қыркүйек- қараша
2
"Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін" сақтау үшін бақылау жасауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Қалалар мен аудандар әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша), АШД
2007 жылғы қыркүйек- қараша
3
Орман өрттерін өшіруді ұйымдастырған кезде осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды қозғалыс, өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Қалалар мен аудандар әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша)
Өрт болған жағдайда
4
Орман алқаптарына апаратын автомобиль жолдарында, тұрғындар неғұрлым көп баратын ормандарда, туристік маршруттарда, демалыс үйлері мен туристік базалардың аумағына өртке қарсы тақырыптарға арналған, сол уақыттағы өрт қауіптілігі туралы ескертетін, мерзімді жаңартылып тұратын хабарландырулар ілінетін аншлагтарды орнатуды ұйымдастыру
Облыс әкіміне ақпарат
ОжАШБ (келісім бойынша),
ТРжТПРД
2007 жылғы қыркүйек, қазан
5
Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігінің ережесінде регламенттелген жолақтар жыртуды және оларға күтім жасауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
ОжАШБ, ТРж ТПРД, ЖКжАЖБ
2007 жылғы қыркүйек, қазан
6
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың ормандарында өрттің алдын алу, олардың қауіптілігі және "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесінің" талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
ОжАШБ (келісім бойынша),
ТРжТПРД, ІСД, қалалар мен аудандар әкімдері
2007 жылғы қыркүйек - желтоқсан
7
Орман мен дала өрттерін өшіруге және орман мен дала өрттерін өшіруге тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасауға қатысу
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері
2007 жылғы қыркүйек,
қазан
8
Мемлекеттік орман иеленушілердің орман өрттерін өшіру қызметтерін тәулік бойғы кезекшілікпен, өрт қауіптілігінің жоғары классы бойы дала алқаптарының аумақтарына тұрақты патруль жасаумен қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері,
ТРжТПРД,
ОжАШБ (келісім бойынша)
2007 жылғы қыркүйек,
қазан
9
Елді мекендердің аумағына дала және орман өрттерінің ауысуын болғызбау мақсатымен елді мекендердің айналасында қорғаныстық- қоршау аймақтарын құру
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері,
ТРжТПРД,
ОжАШБ (келісім бойынша)
2007 жылғы қыркүйек, қазан
10
Дала өрттерін өшіруге тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды тарту бойынша іс- шараларды әзірлеу
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері
2007 жылғы қыркүйек
11
Облыстың барлық елді мекендерін тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері
2007 жылғы қыркүйек
12
Ірі азықтарды үю кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін орындауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ӨҚҚД (келісім бойынша), АШД
2007 жылғы қыркүйек - желтоқсан
13
Облыстың аудандарында авиациялық патруль жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінен қаржы бөлу туралы мәселені қарау
Облыс әкіміне ақпарат
ЭжБЖД
2007 жылғы 14 қыркүйек
Шығыс Қазақстан облысы
табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
департаментінің директоры
ОжАШБ
- ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы
ТРжТПРД
- ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті
ЭжБЖД
- ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті
ІСД
- ШҚО ішкі саясат департаменті
ІІД
- ШҚО ішкі істер департаменті
ӨҚҚД
- ҚР ТЖМ ӨҚҚК ШҚО бойынша өртке қарсы қызмет департаменті
ЖКжАЖБ
- ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
АШД
- ШҚО ауыл шаруашылығы департаменті