О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» № 623 қаулысына сәйкес және 2007 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) 2007 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1980-1989 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша шакыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен және орта медициналық персоналмен жиынтықтасын және кабинеттерді медициналық құрал-жабдықпен және аспаптармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра ауданы бойынша басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Асхат Нұрмұханұлы Канафин - келісім бойынша) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын, әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардың шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының облыстық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Рабиға Қосанқызы Құтжанова) көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін және мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруына байланысты, осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 10
10. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі «2007 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (2007 жылдың 5 мамырында Қарағанды облысы әділет Департаментінің Нұра ауданының әділет басқармасында тіркелінген, тіркеу № 8-14-50) № 08/04 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ.Ш.Жолболдин
14.09.2007 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
А.Н.Канафин
14.09.2007 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
14.09.2007 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысының
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаменті» мемлекеттік
мекемесі Нұра ауданы бойынша
басқармасының бастығы
Г.Қ.Досполова
14.09.2007 жыл
Басқа 14. Аудандық шақыру комиссияның құрамы:
Қосымша
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
«14» қыркүйектегі № 15/02 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық шақыру комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - комиссия террасы,
аудандық корғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Даутов Олжас Маратұлы - комиссия төрағасының
орынбасары, аудан әкімі
аппаратының жетекші маманы
Тармақ 3
3. Сатемирова Бақыткүл - комиссия хатшысы,
аудандық медициналық
бірлестігінің онкологиялық
кабинетінің медбикесі
(келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Протасенко Константин Викторович - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Гизатуллина Лилия Фанауиқызы - аудандық медициналық
бірлестігінің терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)