О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу осенью 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занының (әрі қарай - Заң) 19, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, 2007 жылдың күзіңде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мынадай құрамда комиссия бекітілсін:
Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов
Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы
Асхат Сағадиұлы Әли
аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Арбабаев Совет Төкенұлы
аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры
Мұрат Әлимұлы Байгожин
ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық персоналдық жұмысын басқарушы дәрігер
Айгүл Қайырқызы Әбілдина
аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) бекітілген кестеге сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорына «Аудандық медициналық бірлестігі» (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңға сәйкес, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін керекті маман дәрігерлер төмендегі құрамда бөлсін:
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург
Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер невропатолог
Жұмағулова Зәмзәгүл Жұмабекқызы дәрігер-психиатр
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер дермато-венеролог
Сара Сартайқызы Сембаева дәрігер-офтальмолог
Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев дәрігер-стоматолог
Жібек Бахиқызы Жүнісова дәрігер-рентгенолог
Сағадат Кәбиұлы Кәкенов дәрігер-терапевт
Лев Львович Базелев дәрігер-отоларинголог
Тармақша 2
2) дәрігер –мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде медициналық комиссиясының төмендегі құрамы бекітілсін:
Қазкен Нұрғалиұлы Жұмакаев дәрігер-хирург
Айгуль Сағадатқызы Мергембаева дәрігер-терапевт
Гүлжазира Базарбайқызы Бәкішева дәрігер-стоматолог
Тармақша 3
3) орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емелуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгілеген мерзімінде жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) медициналық комиссияны керекті құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман -дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық бикелердің керекті санын бөлсін;
Тармақша 6
6) әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендігі жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың резерві болсын.
Тармақ 7
7. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу барысында және Буқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша емделуді мұқтаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) Заңының 44 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты, іс ө шараларды смета бойынша қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 9
9. Селолық округтар және кентер әкімдері:
Тармақша 1
1) Заңның 18 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру комиссиясының күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырсын, әскерге шақырушыларды тасымалдау кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.
Тармақ 10
10. Жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру және стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
Тармақ 11
11. Әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бас мамандары тартылсын.
Тармақ 12
12. Заңның 18 бабына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар туралы хабарлама жасап отырсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін;
Тармақша 3
3) облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2008 жылдың 5 қантарына дейін ұсынсын.
Тармақ 14
14. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 14/39 «2007 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырулуын өткізу туралы» (тіркелу нөмері 8-11-36, аудандық «Сарыарка» газетінде 2007 жылдың 2 маусымында жарияланған) қаулысына күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 16
16. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілген
Аудандық медициналық
бірлестіктің директоры
Б. Мұздыбай
11.09.2007
Аудандық ішкі істер басқармасының
бастығы
М. Рақымжанов
11.09.2007
Бұқар жырау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Ө. Әбілов
11.09.2007