2007 жылы ауданда ақылы көғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби оқуды үйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби оқуды ұйымдастыру туралы от 07.02.2007 г. № 68 (2007 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби оқуды ұйымдастыру туралы)
1. Қөғамдық жұмыстарды үйымдастыру және қаржыландыру ережесі І-қосымшаға, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі 2-қосымшаға, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (келісімдері бойынша) тізімі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қазалы қаласының, Әйтеке би кенті мен ауылдық округ әкімдерінен және мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларынан (келісімдері бойынша) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздарды жасалған келісім-шарт талаптарын сақтай отырып, өз мақсатында тиімді пайдалану сұралсын.
4. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 'Ш.Айтуғанов/ осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан қейінгі айдын 5-не Қазалы ауданы әкімдігіне жазбаша хабарласын.
5. «Ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби оқуды үйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу №10-4-38 24 ақпан 2006 жыл) Қазалы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы №42 мен «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы №42 «Ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби оқуды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу №10-4-38, 24 ақпан 2006 ж) қаулысына озгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу №10-4-49, 25 мамыр 2006ж) Қазалы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы №125 қаулыларының күші жойылды ден танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Жалғасбайға жүктелсін.
«келісілді»
2007 жылғы «О7» ақпан
№ 68 нормативтік құқықтық
кесіммен бекітілген 1 - қосымша
Қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру және қаржыландыру
ережесі
Осы ереже «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар болып табылады.
2. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу олардың келісімімен жасалады.
3. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтық мерзімі бір қүнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.
4.
Қоғамдық жұмыстар мынадай негізгі түрлері бойынша ұйымдастырылады:
1) Қала, елді мекендер және өндірістік кәсіпорындардың айналасын тазартуға көмектесу;
2) Көктемгі егін егу және егін жинау науқандары кезінде ауылдық округтердің жерлерін паспортизациялауға, аудан көлеміндегі үйлердің, ғимараттардың құжаттарын түгендеуге, азаматтардың жер үлестерін рәсімдеу жұмыстарына көмектесу;
3) Қарулы Күштер қатарына шақыруға көмектесу;
4) Аудандық аумақтық инспекциясының жұмыстарына көмектесу;
5) Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек корсету;
6) Қала мен елді мекенде құқық тәртібін қүзетуге көмек көрсету;
7) Азаматтардың /оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар, шартты түрде сотталғандар/ құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету;
8) Зейнетақылар мен жәрдемақыларды қайта есептеу және жеке әлеуметтік кодтарды беру жұмыстарына көмек жасау;
9) Кірме жолдың /подьезд/ санитарлық-гигиеналық жағдайын сақтау /тазалау, кіші жөндеу, әктеу, сырлау/ және кірме жолды қүндіз /жұмыс уақытында/ бөгде адамдардан күзету;
10) Азаматтық хал-актілерін жазуға, азаматтардың құжаттарын рәсімдеп, тіркеуге көмек көрсету;
11) Мекемелердің жұмысына қажетті кітаптарды, құжаттарды түптеуге және тігуге көмек көрсету;
12) Көркейту-көгалдандыру, аула айналасының тазалығын сақтау;
13) Балалардың демалу, сауықтыру лагерінде, кәсіптік мектептерде, балалардың спорттық және аулалық алаңдарын салуға көмек көрсету;
14) Қала, кент, ауылдық округтерінде жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру:
15) Жазасын өтеп келген азаматтармен, қиын балалармен жұмыстарды жандандыруға көмектесу;
16) Алым жинау жұмыстарына көмек көрсету;
17) Елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу;
18) Тұргын-үй коммуналдық шаруашылық жұмыстарына көмектесу;
19) Қалалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға көмектесу;
2. Көғамдық жұмыстарды уйымдастырудың шарттары
5.
Қоғамдық
жұмыстарды ұйымдарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар жергілікті бюжеттердің қаражатынан қаржыландырылады.
6. Жергілікті жерде қоғамдық
жұмыстар ұйымдастыру, олардың түрлері мен көлемі туралы шешімді аймақтық жұмыспен қамту бағдарламаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, онда:
1) қоғамдық жұмысқа сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) қоғамдық жұмыстар жургізілетін ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты шарттары бекітіледі.
7. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен сол ұйымдарға жоспарланған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлеміне келісім-шартқа отырады.
Жекелеген жағдайларда сол аумақтарға әлеуметтік маңызды жұмыстар орындау үшін келісім шарттар қала, кент, ауылдық округ әкімдерімен жасалуы мүмкін, ондай жағдайда қоғамдық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмыс берушілердің барлық міндеттері соларға жүктеледі.
8. Қоғамдық жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттары негізінде жұмыссыздарды Қоғамдық
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, мүмкіндігінше арнайы киіммен қамтамасыз етеді, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші ай сайын «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
9. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес
Қоғамдық жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуға тиіс. Үйым әкімшілігі мен жұмыссыз үш күн мерзім ішінде бұл туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға себептерін көрсетіп, ескертуі тиіс.
3. Қоғамдық жұмыстарды атқарған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі
10. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін еңбекақы төлеу жеке еңбек шартқа, орындалған жұмыстың көлемі, сапасы мен күрделілігіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі. Еңбекақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес көлемде нақты орындалған жұмыстың көлеміне төленеді.
11. Атқарылған Қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 маусым 2001 жылғы №836 қаулысында бекітілген үлгілік шартқа сәйкес уәкілетті орган мен жұмыс беруші, жұмыс беруші мен жұмыссыз арасында келісім шарт жасалу жолымен жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.
12. Жұмыс беруші мен Қоғамдық жұмыста қатысушы жұмыссыздың арасында еңбек заңдылықтарына сәйкес жеке еңбек шарты жасалынады.
13. Жергілікті бюджеттен «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аймақтар бойынша берген тапсырыстары негізінде қаржыландыруға қаражат бөледі.
14. Ақылы Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздар «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтылады.
2007 жылғы «07» ақпан
№ 68 нормативтік құқықтық
кесіммен бекітілген 2 - қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасынын Заңына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Бұл ереже халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін анықтайды, үйымдармен (меншік нысандарына қарамастан) есеп айырысу жүйесі мен басты шарттарын реттейді.
2. Бұл ережеде пайдаланатын негізгі түсініктер:
1) әлеуметтік жұмыс орындары - халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет есебінен өтеп берілетін жұмыс орындары:
2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарының ұзақтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
6. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың мақсатты топтарынан әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлем ақысына өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөнінде жұмыс берушімен келісім шарт жасайды.
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және олардың еңбек ақысын төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі халықтың мақсатты топтарына жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын немесе беретін мекемелердің тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды.
8. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберу және орналастыру «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
9. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады, және оның мынадай ерекшеліктері болады:
1) нысаналы топтарға әдейі арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
10. Әлеуметтік жұмыс орындары мынадай негізгі түрлері бойынша ұйымдастырылады:
1) Орман шаруашылығын сақтауға, жол жиектеріне жас қөшеттер отырғызуға қөмектесу;
2) Мекемелердің залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
3) Қазақтың салт-дәстүрін дамытуға байланысты ұлттық киімдер тігуге көмек көрсету;
4) Базар айналасының тазалығын сақтау, жаңа ашылатын объектілердің құрылыс жұмыстарына көмектесу;
5) Мал өнімдерін жинап, оны жекелеген тұрғындарға және жеке кожалықтарға сату жұмыстарына көмектесу;
6) Пошта байлананыс қызметін жандандыру мақсатында көмек көрсету;
7)
Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды жығу, ұстау, сырғалау және ауруға үшыраған малды бөлек бағуға көмектесу;
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жұмыс берушілердің жеке еңбек келісім шартының талаптарына сәйкес атқарылған еңбектің көлемі, сапасы мен күрделілігіне қарай ай сайын жүзеге асырылады.
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен жұмыссыз арасындағы келісім шартқа сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
13. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
14. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыстарға белгіленген ең төменгі еңбек ақының 50 пайызы көлемінде және жұмыс берушінің өз қаржысы есебінен (50 пайызы көлемінде және одан қөп) жүзеге асырылады. Жалпы еңбек ақы көлемі Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы»
Заңымен бекітілген тиісті қаржылық жылдың ең төменгі еңбек ақысынан кем болмауы тиіс.
4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау
15. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарты негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, мүмкіндігінше арнайы киіммен қамтамасыз етеді, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші ай сайын «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қажетті құжаттамаларды атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
16. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуға тиіс. Үйым әкімшілігі мен жұмыссыз үш күн мерзім ішінде бұл туралы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне себептерін көрсетіп ескертуі тиіс.
17. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібінің сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
2007 жылғы « 07» ақпан
№ 68 нормативтік құқықтық
кесіммен бекітілген 3 - қосымша
Жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі
Осы ереже «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасындағы енбек туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Зандарына. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау (бұдан әрі «кәсіби оқыту»), еңбек нарығында олардың бәсекелестігін жоғарлатуға бағытталған әлеуметтік қөрғаудын белсенді іс-әрекеттері болып табылады.
2. Жұмыссыздарға кәсіби білім беру еңбек нарығының қажеттілігін ескеріп, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында немесе білім беру қызметіне құқығы бар басқа ұйымдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша іске асырылады.
3. Жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жүзеге асыру үшін ұйымдарды таңдаған кезде аудандық уәкілетті орган мыналарды ескереді:
1) білім беру ұйымдарының қызметтерін мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асыратыны;
2) жұмыс берушінің жұмыс күшіне, сонымен қатар жұмыссыздарды кәсіби даярлау біліктілігін арттыру және қайта даярлау сапасына қоятын талаптарына сәйкестілігіне:
3) өндірістік практиканы ұйымдастыруға жұмыс берушілердің қатысуы;
4) білім беру қызметіне лицензиясының болуы.
4. Кәсіби оқытудан өтуге халықтың мақсатты топтарына кіретін жұмыссыздардың құқығы бар.
5. Кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткізу екі бағытта жүргізіледі:
1) білім алғаннан кейін жұмыспен қамтамасыз етуді міндетіне алған жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша жұмыссыздарды дайындау:
2) жұмыссыздардың тілегін және жергілікгі атқарушы орғандардың ұсынысын ескеріп, кәсіпкерлікті өз бетінше жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлауда бизнес негізінен үйретуді жүзеге асыру.
6. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау үзақтығы оқу бағдарламасына сәйкес белгіленеді, және:
1) жұмыссыздарды алғашқы кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу -алты айдан:
2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру - үш айдан аспауы керек.
7. Жұмыссыздардың кәсіби оқытудан өту кезеңінде аудандық бөлім қарама-қарсы тексерулер жүргізеді, олар актілерімен расталады.
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жұмсалатын шығындар
8. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасымен білім беру мекемелеріне немесе әртүрлі меншіктегі ұйымдарға жіберілген жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жұмсалатын шығындар кәсіби оқыту бойынша қызмет көрсетуге жасалған келісім шарттарға және заңнамада көрсетілген жағдайлардан тыс осы мақсатта жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлеміне сәйкес қаржыландырылады.
9. Кәсіби оқытуға төлем күнтізбелік жыл ішінде жұмыссыздарға кәсіби білім беруге Қазақстан Республикасының «Мемлекттік сатып алу туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағының 3 тармақшасы және 20 бабының 2 тармағына сәйкес баға ұсыныстарын сұрата отырып, өнім беруші ұтып алған тапсырыста көрсетілген күн бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру мекемелеріне төлем нақты атқарылған қызмет көлеміне сәйкес жүргізіледі. Кәсіби оқыту мерзімінің аяғына дейін жұмыссыздар оқудан шығарылғанда білім ұйымдарына төлем тек атқарылған қызмет көлеміне ғана төленеді.
Егер білім алушы білімі, қабілеті мен дағдысы жетіспеушілігінен, оқыту бағдарламасында белгіленген кәсіптік емтихандарды тапсыра алмаса онымен қосымша сабақтар өткізу білім беру ұйымының есебінен жүргізіледі.
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау құжаттары мен қаржыландыруын рәсімдеу
10. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағының 3 тармақшасы және 20 бабының 2 тармағына сәйкес баға ұсыныстарын сұрата отырып, өнім беруші жеңіп алған Қызылорда облысының білім беру ұйымдары мен аудандық бөлімдер арасында жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісім шарт жасалады.
Аудандық бөлімдер қаржының мақсатты пайдаланылуына толық жауап береді. Аудандық бөлім ұйымдардан түскен сұранысқа, бекітілген сметаға және екі жақты келісім шартқа сәйкес оқу орыннын есепшотына қаражат аударады. Бұл келісім шарт, оның қазынашылықтың аймақтық бөлімшесінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
11. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту келісім шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім шарт үш данадан жасалады. Аудандық бөлімдерде оқу орындар бойынша кәсібі. мамандығы және оқу басталатын күні бойынша жинақталған барлық оқушыларға құжаттар жиынтығы қалыптастырылады. Құжаттар жиынтығына аудандық бөлімнің меңгерушісі бекіткен жұмыссыздарды кәсіби оқытудың шығындар сметасы, жұмыссыз бен аудандық бөлім арасындағы оқуға жолдау жөніндегі келісім шарт, оқуға қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесі және емтихан комиссиясының хаттамасы кіреді.
12. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту бойынша көрсетілген қызметтеріне төлем білім уйымдарының арнайы есепшоттарына қазынашылықтың аймақтық бөлімшелері арқылы ай сайын қаражат аударылып тұрады.
13. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім» мемлекеттік мекемесінің тапсырысына білім беру ұйымдарының есепшотына, жасалған келісім шарттар, оқуға қабылдау туралы бұйрықтар және сабақтарға қатысу табельдері негізінде жоғарыда аталған барлық позициялар бойынша сомалар енгізіледі. Оқушылармен және ұйымдармен қорытынды есеп айырысу біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасы болғанда жасалады.
Сонымен қатар үйымдар «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне оқуға жіберілген жұмыссыздарға қарастырылған қаражатты төлеуге тапсырыс береді.
4. Бақылау және есеп беру
14. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру мекемелерінің кәсіби оқыту мерзімдерін және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарын сақтауына бақылу жасайды.
15. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіби даярлауды кәсіби біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады және кәсіби дарялауға, кәсібн біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жолданған жұмыссыздар есебін жүргізуді жүзеге асырады.
2007 жылғы 07 ақпан
№ 68 нормативтік құқықтық
кесіммен бекітілген 4 - қосымша
2007 жылы коғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын үйымдастыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің ТІЗМІ
р/с
Мекеме аты
Атқаратын жұмыс түрі
I
3
Қөғамдық жұмыстарға
1
«Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аудан әкімі аппаратында құжат айналымын дайындауға көмектесу
2
«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жардемақы алуға өтініш жасаған азаматтардын отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын үйымдастыру. Көркейту - көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
3
«Қазалы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. Көркейту - Көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу
4
«Алға ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени - сауықтыру жұмыстарын уйымдастыру. Көркейту - көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
5
«Ақжона ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын уйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
6
«Құмжиек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру ушін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын уйымдастыру. Көркейту - Көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
7
«Майдакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. Көркейту - Көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
1
2
3
8
«Қызылқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру ушін учаскелік комиссияға көмек көрсету елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жумыстарын уйымдастыру. көркейту - көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
9
«Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу. пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын уйымдастыру. Көркейту - қөғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
10
«Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. Көрқейту - rөғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға6 жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
11
«Қөларық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердін құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын үйымдастыру. Көркейту - Көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
12
«Өркендеу ауылдық округі әкімінін аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын үйымдастыру. көркейту - Көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
13
«Майлыбас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін
мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың
отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру
жұмыстарын үйымдастыру. Көркейту - көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
14
«Басықара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемссі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілеген мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын үйымдастыру Көркейту - көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
15
«Мұратбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы Отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық 1 жағдайын тексеру ушін учаскелік комиссияға көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын үйымдастыру, көркейту - көғалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
1
2
3
16
«Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссиялық көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу, жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
17
Шакен ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссиялық көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
18
Арынды ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссиялық көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
19
Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссиялық көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
20
Қарашенгел ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссиялық көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
21
Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссиялық көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
22
Тасарық ауылды округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссиялық көмек көрсету, елді мекендердің құқық тәртібін сақтауға көмектесу, пошта байланыс қызметіне көмектесу. жастармен мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендерден салық және басқа да төлемдерді жинауға көмектесу. Көркейту - Көгалдандыру жұмыстарына, аула айналасының тазалығын сақтауға, жолдарды жөндеуге, мәдени обьектілерді жөндеуге көмектесу.
23
Қазалы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Қарулы Күштер қатарына шақыру жүргізуге жәрдемдесуі
I
2
3
24
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік мәдени обьектілерді салу, қайта жаңарту және жөндеу, көркейту; көғалдандыру жұмыстары,тарихи-архитектуралық ескерткіштер мен комплекстерді қалпына келтіру, қітапханалардағы қітаптарды тазартуға, газет журналдарды реттеуге көмектесуге
25
««Шағала» балаларды сауықтыру демалыс Орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Әлеуметтік мадени обьектілерді қайта жөндеуге, қалпына келтіру айналасын тазартуға көмектесу
26
«Аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Мекемедегі кітаптарды, құжаттарды түптеу және тігуге көмектесу
27
«Аудандық қаржы полициясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Құжаттарды тіркеу, түптеуге көмектесу, айналасын тазартуға көмектесу
28
«Аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Азаматтық хал-актілерін жазуға көмектесу, азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету.
29
«Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Құқықтық тәртіпті күзетуге көмектесу, жазасын өтеп келген азаматтармен, қиын балалармен жұмыстарды жандандыру.
30
«Базарларды әкімшілік реттеу және бір реттік талон негізінде алымдар жинау жөніндегі» мемлекеттік мекеме (келісімі бойынша)
Базар айналасын тазарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстары
31
« Қазалы психикалық-жүйке аурулар интернаты» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Айналаны көркейту-көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
32
«Аудандық зейнетақы төлеу орталығы» мемлекеттік мекемесі (қелісімі бойынша)
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды қайта есептеуге жәрдемдесу, жеке
әлеуметтік кодтарды беруге көмектесу
33
«Қазалы станциясы желілік ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Құқықтық тәртіпті күзетуге көмектесу. Мекеме айналасын көркейту-Көғалдандыру жұмыстары
34
«Қазпочта» ақционерлік Коғамы Қазалы аудандық почта байланыс торабы (келісімі бойынша)
Мекеме айналасын көркейту-Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу
35
«Аудандық прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Құжаттарды тігу, айналаны Көгалдандыру
36
«Аудандық соты» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Рақымшылықпен босатылғандардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу мекеме айналасын тазартуға көмектесу.
37
«Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды жығу, ұстау, сырғалау және ауруға ұшыраған малды бөлек бағуға көмектесу.
38
«Аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қала, кент, ауылдық округтерде жастармен мәдени-сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыру
39
«Аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекемедегі кітаптарды, құжаттарды түптеу және тігуге көмектесу
40
«Қазалы аудандық өртке қарсы қызмет бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Мекеме айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу
41
«Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекемедегі кітаптарды, құжаттарды түптеу және тігуге көмектесу
42
«Қазалы орман және жануарлар дүниесін қөрғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Жол жиектеріне жас көшектер отырғызуға көмектесу
43
«Аудандық статистика бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Мекемедегі қітаптарды, құжаттарды түптеу және тігуге көмектесу
44
«Аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жерді паспортизациялау жер көлемдерін түгендеу, жер үлестерін рәсімдеу жолдарына көмектесу
1
2
3
45
«Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекемедегі кітаптарды, құжаттарды түптеу және тігуге көмектесу
46
«Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекемедегі кітаптарды, құжаттарды түптеу және тігуге көмектесу
47
«Ғ.Мұратбаевтың тарихи-мемориалдық мұражайы» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)
Мұражай айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары
48
«Қызылорда облысы жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық- республикалық мемлекеттік кәсіпорының Қазалы аудандық филиалы (келісімі бойынша;
Мекемедегі кітаптарды, құжаттарды түптеу және тігуге көмектесу
Әлеуметтік жұмыс орындарына
49
«Дезинфекция и К» толық серіктестігі (келісімі бойынша)
Елді мекендер мен өндірістік мекемелердің залалсыздандыру жұмыстарын жургізуге көмектесу
50
«Аль-Асад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісімі бойынша)
Мекеме айналасын көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстары
51
«Көліктің медицина қызметі» ақционерлік қоғамы Қазалы филиалы теміржол ауруханасы (келісімі бойынша)
Мекеме айналасын көркейту-Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу
52
«Қазпочта» ақционерлік Көғамы Қазалы аудандық почта байланыс торабы (келісімі бойынша)
Пошта байланыс қызметін жандандыру мақсатында көмек көрсету
53
«РЗА» ақционерлік Көғамы (келісімі бойынша)
Өндірістік мал өнімдерін жинап, оны жекелеген тұрғындарға және жеке қожалықтарға сату жұмыстарына көмектесу
54
«Аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша;
Мекемедегі кітаптарды, құжаттарды түптеу және тігу
55
«Сұлутам» пәтер иелері кооперативі (келісімі бойынша)
Кірме жолдың подьезд/ санитарлық-гигиеналық жағдайын сақтау тазалау, кіші жондеу, әктеу, сырлау/
56
«Асыл-Ғани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісімі бойынша)
Мекеме айналасын көркейту, Көгалдандыру және тазалық жұмыстарына көмектесу
57
«Бақыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; (келісімі бойынша)
Мекеме айналасын көркейту-Көгалдандыру және тазалық жұмыстары
58
«Актілек мейрамханасы (келісімі бойынша)
Мейрамхананың айналасын көркейту-Көгалдандыру және тазалық жұмыстары
59
«БМС» жеке кәсіпкер (келісімі бойынша)
Мекеме айналасын көркейту-Көгалдандыру және тазалық жұмыстары